Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шығыс Қазақстандық теміржолшылар әлеуметтік маңызы бар жүктерді тиеуді толық көлемде орындауда
1310 / 15.11.2018 14:11

Шығыс Қазақстандық теміржолшылар әлеуметтік маңызы бар жүктерді тиеуді толық көлемде орындауда

2018 жылдың 15 қарашасында Өскемен қаласында 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындылары бойынша брифингте «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Шығыс Қазақстан бөлімшесі филиалының директоры Мағауия Оразқұлов сөз сөйледі.


«Жыл басынан Шығыс Қазақстан бөлімшесі станцияларының мекенжайларына 2 млн. тоннадан астам көмір келіп түсті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14%-ға артық. Олардың ішінде тұрмыстық көмір - 470 мың тонна, бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 23% -ға артық», - деді М. Оразқұлов.


Ол жыл бойы тасымалдауды біркелкі үлестіру және күзгі-қысқы мерзімде жүктемені азайту мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігінде жүктеме көлемін 3-4 тоқсаннан 2 тоқсанға үлестіру бойынша көмір разрездерінің қатысуымен кездесулер ұйымдастырылғанын атап өтті.


- Аймақтық ЖЭО мен МАЭС қоймаларында, аймақтың жылуэлектрлік кәсіпорындарында жазғы мезгілде көмір қорын алдын-ала құру бойынша бірлескен үйлестірілген жұмыс нәтижесінде қатты отынның қажетті эксплуатациялық қоры қамтамасыз етілді, - деп атап өтті ол.


Бөлімше бойынша астық жүктемесінің негізгі бөлігі күнбағыс, майлы дақылдар мен рапсқа тиесілі. Осылайша, жыл басынан бері Шығыс Қазақстан ЖТ филиалының теміржол қызметкерлері 147 мың тоннадан астам астық жүктеді, бұл өткен жылғыдан 20% артық. Соның ішінде экспорттық бағытта 65 мың тонна, өсім 44% құрады. Ауғанстан, Тәжікстан, Моңғолия, Иранға астық экспорты ұлғайтылды, бұл тасымалдау ұзақтығының артуына әкелді.


Спикердің айтуынша, егіннің кеш басталуына байланысты тек биылғы жылдың қазан айының өзінде 32 мың тоннадан астам астықты тасымалдау қамтамасыз етілді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңінен 61% артық. Сонымен қатар, қаңтар-қазан айларында 61 мың тонна ұн және ұнтақталған өнімдер тасымалданды, бұл өткен жылдың 10 айындағыдан 14% артық.


Шығыс Қазақстан облысының негізгі көлік артериясы бола отырып, теміржол аймақтың экономикасына елеулі әсерін тигізді: тасымалданған жүктердің жалпы көлемінің айтарлықтай бөлігін өнеркәсіптік жүктер, кендер, металдар құрайды.


Биыл Шығыс-Қазақстан ЖТ филиалы бойынша жүк операциялары үшін Шалабай жаңа станциясы ашылды, одан биылғы жылдың қазан айында алғаш рет түсті рудалар жөнелтілді.


Ағымдағы жылдың ақпан айынан маусым айына дейін Ново-Өскемен станциясынан түстес металлды 426 жалғамалы платформаның  құрамында 8 контейнерлік пойыз құрылды және жөнелтілді. Орташа есеппен ай сайын Достық станциясына одан кейін Вьетнамға екі пойыздан жөнелтілді.


Өңірдің теміржолшылары вагон паркін тиімді пайдалану, жүк операциялары кезінде вагондардың бос тұру уақытын қысқарту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.


 «Біз әлеуметтік маңызды жүктерді уақытында және жоспарланған көлемде тұтынушыларға үздіксіз жеткізуге баса назар аударамыз», - деп түйіндеді өз сөзін М.Оразқұлов.

Поделиться:
Популярные новости
32 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

35 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

72 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер