Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Тезірек, жоғары, тату!
1198 / 14.11.2018 14:09

Тезірек, жоғары, тату!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Әкем, анам, мен - спорттық отбасымыз» дәстүрлі сайысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Серік Ахметовтың ынтымақты отбасы жоғары спорттық нәтижелерін, икемділігі мен тапқырлығын көрсетті.


- Біз жұбайым Әсел және қызымыз Адельмен бірге, жарыс нәтижесінде үшінші орын иеленген «Астана City» құрама командасының құрамына кірдік. Біз мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып жатқандықтан, бір жағынан қобалжыдық, екінші жағынан, өте қызықты болды. Жалпы командалық рух сезіліп тұрды, барлығы тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындауға тырысты, әсіресе балаларымыз қуанышты болды, - деп Серік өзінің әсерімен бөлісті.


Спорттық мерекеге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлері қатысты. Олар эстафеталар мен жарыстарға шығармашылық тұрғыдан, бірақ шынайы қарады. Залдағы атмосфераны достары мен әріптестерін белсенді қолдап отырған жанкүйерлер жандандырды. Жанкүйерлердің арасында өз жасына байланысты жарыстарға қатыса алмаған Серіктің жиені Дамир мен оның жеті жасар ұлы – Абылай болды, бірақ олар залдағы көріністі бар ынтасымен бақылап отырды.


- Барлығы өте әділ болды. Бұдан басқа, мұндай іс-шаралар  өсіп келе жатқан ұрпақты спортпен белсенді айналысатын ата-аналардың үлгісінде тәрбиелеу үшін өте маңызды, - дейді Серік Ахметов.


Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.


ЖТ кәсіподақ комитеті және «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің әріптестері өз әріптестерін жеңісімен құттықтады!
Поделиться:
Популярные новости
192 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

331 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

279 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер