Ақмолалық теміржолшылар дала өртін сөндіруге атсалысты
2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк по...
«ҚТЖ» ҰК» АҚ ұйымдастырған «Әкем, анам, мен - спорттық отбасымыз» дәстүрлі сайысында «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің менеджері Серік Ахметовтың ынтымақты отбасы жоғары спорттық нәтижелерін, икемділігі мен тапқырлығын көрсетті.
- Біз жұбайым Әсел және қызымыз Адельмен бірге, жарыс нәтижесінде үшінші орын иеленген «Астана City» құрама командасының құрамына кірдік. Біз мұндай жарыстарға бірінші рет қатысып жатқандықтан, бір жағынан қобалжыдық, екінші жағынан, өте қызықты болды. Жалпы командалық рух сезіліп тұрды, барлығы тапсырмаларды тез әрі дұрыс орындауға тырысты, әсіресе балаларымыз қуанышты болды, - деп Серік өзінің әсерімен бөлісті.
Спорттық мерекеге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның бөлімшелері мен филиалдарының қызметкерлері қатысты. Олар эстафеталар мен жарыстарға шығармашылық тұрғыдан, бірақ шынайы қарады. Залдағы атмосфераны достары мен әріптестерін белсенді қолдап отырған жанкүйерлер жандандырды. Жанкүйерлердің арасында өз жасына байланысты жарыстарға қатыса алмаған Серіктің жиені Дамир мен оның жеті жасар ұлы – Абылай болды, бірақ олар залдағы көріністі бар ынтасымен бақылап отырды.
- Барлығы өте әділ болды. Бұдан басқа, мұндай іс-шаралар өсіп келе жатқан ұрпақты спортпен белсенді айналысатын ата-аналардың үлгісінде тәрбиелеу үшін өте маңызды, - дейді Серік Ахметов.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
2023 жылдың 24 мамыры сағат 16.57 кезінде жүк пойызының машинисты Константин Власов ...
2023 жылдың 22 мамырында Семей станциясының өрт сөндіру пойызы Абай облысының Ауыл ...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас темірж...