Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Астықты жеткізу: маршруттар игерілді
1137 / 13.11.2018 14:05

Астықты жеткізу: маршруттар игерілді

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Ақмола облысының әкімдігі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.


 «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Қанат Алпысбаев пен Ақмола облысының әкімі Мәлік Мұрзалин жаңа егістіктің астығын үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселелерін талқылады.


Ақмола облысы - негізгі астық өндірушілердің және, тиісінше, астық пен тартылған өнімді тиеушілердің бірі болып табылады. Тек қана жыл басынан бері өңір 4 млн. тоннадан астам астық жөнелтті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29% артық. Енді міне жаңа астық - 5,6 миллион тонна, оның жартысы экспортталатын болады, бұл алдымызға үлкен тапсырмалар қояды.


Кездесуге ірі астық трейдерлік және экспедиторлық компаниялардың, аймақтың ауылшаруашылық кәсіпорындарының басшылары қатысты. Олар облыстық басшылыққа қана емес, сондай-ақ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ, «Астық Транс» АҚ, «Ақтау теңізінің солтүстік терминалы» ЖШС, «KTZExpress – КTZEOperator» АҚ филиалының тасымалдаушыларына тікелей сұрақ қоя алды.


Тасымалдаулардың шыңы қараша-желтоқсан айларына келеді. Сондықтан Қанат Алпысбаев ең өзекті мәселе - жүк жөнелтушілерді вагондармен қамтамасыз етудің ерекше бақылауда екенін атап өтті. Ол жылжымалы құрамды тиімсіз пайдалану себептеріне баса назар аударды. Осылайша, элеваторлар мен астық қабылдау пункттері жұмыс істемейтін демалыс күндері астық жүктеу екі есеге қысқартылады. Вагондардың жиі ұзақ уақыт бос тұрып қалуы олардың жүк жөнелтушілердің және қабылдаушылардың кірме жолдарда тұру уақытын сақтамауымен байланысты. Ілеспе құжаттарды ресімдеу кезінде кешіктіру фактілері бар. Бұған Ақмола облысының әкімі де назар аударды. Малик Мұрзалин астықты қабылдау мен жөнелту процесінде қатысушылар арасында тиісті өзара іс-қимыл жоқ екенін, және тек компаниялардың 15-20% -ы жүк тиеу кестесін нақты жоспарлайтынын айтты.


«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы әлеуметтік маңызды жүктерді тасымалдау компания үшін басым болып табылатынын және қойылған міндеттер толық көлемде орындалатынын атап өтті:


- Астық жүктемесі қазан айында 1,2 млн. тоннаны құрап, 42% артты. 10 айдың ішінде 9 миллион тоннадан астам жүк тиеліп, өсім 43 пайызды құрады, оның ішінде 64 пайыз өсіммен экспортқа 6,8 миллион тонна жүктелді.


Сонымен қатар, Қанат Алпысбаев қазақстандық порттардың астық терминалдарының транзиттік қуатын арттыру, вагондар айналымы мен жүктеу ресурстарындағы едәуір шығындарды азайту үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқанын айтты. Осы мақсатта компания жүк жөнелтушілермен және трейдерлермен бірлесіп жүктемені қамтамасыз ету бойынша бірлескен шараларды әзірлеу туралы шешім қабылдады.


- Биылғы жылы біз экспорттық тасымалдауларды дамыту үшін жағдай жасау бойынша үлкен жұмыстар атқардық, - деді Қанат Алпысбаев. – Соның ішінде теміржол учаскелерінің, логистикалық және терминалдық инфрақұрылымдардың өткізу қабілетін арттыру. Ауғанстанға, Иранға, Ираққа жүк жөнелтудің абаламалы жолдары қолданылады. Бидай тасымалдау бойынша жаңа технологиялар енгізілді. Астықты жеткізу алдын-ала игерілген бағыттар бойынша жүзеге асырылады.


«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы - бас директорының м.а. Қайрат Саурбаев өз кезегінде ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға арналған заманауи қызметтер туралы айтып берді. Мысалы, астық жүктерін бағыттау ұйымдастырылды, яғни астық жүктерін алдын-ала жобаланған маршруттар бойынша тасымалдау. Осы схемаға сәйкес, қазан айында Ақмола облысынан 67 маршрут жіберілді, оның ішінде Ақтау порты, Орталық Азия елдері, Ресей Федерациясы және ҚР бағыттары бойынша жөнелтілді.


Кездесуде барлық мүдделі тараптарға - жүк жөнелтушілерге, экспедиторларға, вагон иелеріне – тасымалдауларды уақтылы жоспарлауды, ілеспе құжаттарды ресімдеуді, көршілес теміржол әкімшіліктерінің желісі арқылы вагондарды жылжытуды, ҚР-на вагондарды түсіру мен қайтаруды қамтамасыз ету ұсынылды.


Күрделі мәселелерді болдырмау және жүйелі түрде жұмыс істеу үшін, «Қазақстантеміржолы» АҚ мен Ақмола облысының әкімдігі, өзара талаптарсыз, өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат ауыл шаруашылық жүктерін теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған.


"Қазақстан темiржолшысы" газеті

Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

349 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

52 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер