Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» ақ  темір  жолға жақын жүру қауіпті  екендігін ескертеді
1175 / 15.11.2018 18:25

«ҚТЖ» ҰК» ақ темір жолға жақын жүру қауіпті екендігін ескертеді

Тәжірибе көрсеткендей, азаматтар темір жолды белгіленбеген орындардан алкогольдік масаң күйде, телефонмен сөйлесіп, не құлаққап киіп өтіп жатады. Жоғары қауіпті аймақта адамдар пойыздың щуын, не машинистің дабылын естімейді. Адамның өз өзіне қол салуы үшін пойыз доңғалағының астына түсіп жататын оқиға да аз емес.

Жарақат алудың қайғылы статистикасын автокөлік жүргізушілері де толтырып жатады. Өткелдерде олар қозғалыс қауіпсіздігі ережесін өрескел елемейді және өздерінің ғана емес, жолаушылардың өмірлерін қауіпке тігеді.

Азаматтардың пойыздар қозғалысы аймағында қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан, темір жолы бойында қараусыз мал бағуы «ҚТЖ» ҰК» АҚ зала мен шығын әкеледі. Локомотив зақымданады. Жолаущылар мен жүк пойыздарының қозғалыс кестесі бұзылады.

Теміржолшылар тұрақты негізде ауқымды түсіндіруде ақпараттық-ағартушылық жұмыстарын жүргізіп келеді. Бұл ашық қауіпсіздік сабақтары. Өтпелерде, вокзалдарда және мектептерде кездесулер мен әңгімесулер өткізілуде. Қауіпсіздік жөніндегі бейне роликтер көрсетілуде. Арнайы жадынамалар таратылуда.

2018 жылдың басынан елді мекен тұрғындарымен 1600 астам кездесу орын алды. Шамамен 40 мың адам лекция тыңдады. Бұдан басқа, адамдар өтетін орындарда 1220 ескерту белгілері, шамамен 420 аншлаг жаңартылды.

ҚР ИДМ көліктік бақылаудың аумақтық органдары, полиция, БАҚ, көліктік прокуратура өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 40 тарта отырысы болып өтті.

Теміржолшылар жолдарда апаттық жағдайлар жасамау қажеттігін, өз өмірлерің қауіпке тікпеуді сұрап, пойыздар қозғалысы аймағында болғанда ережені сақтауға үнемі шақырып келеді.

2018 жылдың басынан локомотив бригадаларының кәсіби іс-қимылдары арқасында теміржол бойларында орын алуы мүмкін қайғылы жағдайдың 92% алды алынды. Шамамен 730 тежегішті жедел басу рельстерде адамдардың шыға келуімен байланысты болды.

Өкінішке қарай, 60-80 км/ сағ жылдамдықпен келе жатқан 6 мың тонналық жүк құрамының тежелетін жолы 600-800 метрге дейін баратындықтан, пойызды бірден тоқтату мүмкін болмай қалатын кездер аз емес.  

Поделиться:
Популярные новости
1 / 28.11.2023

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС ғимараттары мен құрылыстарын ағымдағы жөндеу жоспары 90% орындалды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның 422 өндірістік нысанында ағымдағы жөндеу жұмыстары а...

242 / 13.11.2023

Достық станциясында экспорттық жүктерді беру бойынша ТЖЫҰ жылдық жоспары мерзімінен бұрын орындалды

           2023 жылғы 13 қарашада Достық шекаралық өткелі арқылы Алашаңқай станция...

338 / 13.11.2023

Ауа-райының нашарлауына байланысты ҚХР-да жүктерді түсіру баяу жүріп жатыр

         Ағымдағы жылдың 13-18 қараша аралығында Алашаңқай шекаралық станцияда (Қ...

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер