Тұрғындар үшін көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде
Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қа...
2018 жылдың 6 қарашасында Шымкенттік жол бөлімшесінің бас инженері Әбілқасым Айдаровтың брифингінде 2018 жылдың 10 айында көмір, ұн және тартылған өнімдерді тасымалдау қорытындысы шығарылды.
Ағымдағы жылдың басынан бері шымкенттік теміржолшылар 9 млн. тоннадан астам жүк тиеді.
Ә.Айдаров әлеументтік маңызы бар тауарларды уақтылы жеткізу маңыздылығын атап өтті және 10 ай ішінде 967 мың тоннадан астам бидай тасымалданғанын хабарлады, бұл өткен жылдың фактімен салыстырғанда 95,7% құрайды. Жыл басынан бері 468 мың тонна ұн тиелді, оның ішінде экспортқа 409 мың тонна, ішкі нарыққа 52 мың тоннадан астамы жөнелтілді.
Түркістан облысы мен Шымкент қаласының қатты отынға деген қажеттілігі 1 миллион 300 мың тоннаны құрайды, бюджеттік ұйымдар толығымен көмірмен қамтамасыз етілген.
«Шымкент жол бөлімшесінің шекарасында орналасқан елді мекендерді қатты отынмен қамтамасыз ету арнайы бақылауға алынған», - деді А. Айдаров және жол бөлімшесі жанынан «Қазтеміртранс» АҚ-ның жабық вагондары мен «Астық Транс» АҚ астық тасығыштарының айналымын бақылайтын жедел топтардың тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылғанын атап өтті.
Еске салайық, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір және астық тасымалдау бойынша штаб жүмыс істейді. Күн сайын жүк жөнелтушілердің өтініштерін қамтамасыз ету, вагондар айналымын орындау бойынша бақылау жүргізіледі. ЖЭО және МАЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына мониторинг жүргізіледі.
Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қажеттіліктер үшін көмір тасымалдау "ҚТ...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС локомотив бригадаларының 53 машинист-нұсқаушысы "Кәсіби ш...
Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу үшін ҚТЖ 108 мың тонна рель...