Тұрғындар үшін көмірді тасымалдау вагондармен толық көлемде қамтамасыз етілуде
Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қа...
2018 жылдың 10 айында «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ желісі бойынша эксплуатациялық жүк айналымы 183,8 млрд.тонна-км құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8% артық.
Жыл басынан бері 212 млн. тонна жүк жөнелтілді, бұл өткен жылғыдан 7% артық. Оның ішінде 142 млн. тонна - ел ішінде, 70 млн. тонна – экспортқа жөнелтілді.
Өсім барлық негізгі номенклатуралық жүктер бойынша байқалады. Соның ішінде темір рудалары (10%), түсті рудалар (8%), құрылыс жүктерінің (9%) жүктелімі ұлғайды.
2018 жылдың қаңтар-қазан айларында 85,3 млн. тонна көмір тиелді, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 2% артық. Ел ішінде 59 млн. тонна қатты тұрмыстық отын жөнелтілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 4%-ға артық. Республикалық ЖЭО мекен-жайларына коммуналдық-тұрмыстық көмір жөнелту 51 млн. тоннаны құрайды және былтырғы жылу беру маусымымен салыстырғанда 3% -ға артты, қазақстандық тұтынушыларға коммуналдық-тұрмыстық көмір жөнелтілімі 11% -ға өсті.
Жыл басынан бері 9 млн. тонна астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 36% артық, оның ішінде 5,4 млн. тоннасы экспортталды, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 48% -ға артық. Ел ішінде астық тиеу көлемі 3,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19% артық.
Сонымен бірге, қаңтар-қазан айларында ұн және тартылған өнімдерді тасымалдау көрсеткіштері артты: ағымдағы жылдың 10 айы ішінде 2,7 млн. тонна ұн тиелді, бұл өткен жылғы көрсеткіштерден 3% жоғары. Экспорттық хабарламада 2 млн. тонна ұн тасымалданды, бұл өткен жылғыдан 5% артық.
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі
Коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы қажеттіліктер үшін көмір тасымалдау "ҚТ...
"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС локомотив бригадаларының 53 машинист-нұсқаушысы "Кәсіби ш...
Достық – Мойынты теміржол учаскесінде екінші жол салу үшін ҚТЖ 108 мың тонна рель...