Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржол әкімшіліктері - Тарифтік Келісім қатысушылары  кірепұл 2019 жылға Тарифтік саясат қабылдады
1202 / 29.10.2018 09:51

Теміржол әкімшіліктері - Тарифтік Келісім қатысушылары кірепұл 2019 жылға Тарифтік саясат қабылдады

Ағымдағы жылдың қазан айының соңында Сочи қаласында Тарифтік саясат істері жөніндегі Басқарма - «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның төрағалығымен, 14 елдің теміржол әкімшіліктерінің қатысуымен өткен XXVII Тарифтік Конференцияда кірепұл 2019 жылға халықаралық бағыттарда жүктерді тасымалдау үшін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Темір жолдарының Тарифтік саясаты қабылданды.


 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның маркетинг және тасымалдауларды интеграциялық жоспарлау бойынша Бас директор орынбасарының м.а. Сағындық Жұмабаев іс-шараны аша отырып, осы Конференцияны өткізудің маңыздылығын атап өтті, себебі нақ жан-жақты талқылау және алқалық шешімдер қабылдау транзиттік әлеуетті арттыра және транзиттік бағыттағы жүк тасымалдарының көлемін ұлғайта отырып, теміржол әкімшіліктеріне бұдан әрі тиімді жұмыс жасауға мүмкіндік береді.


- Біз бірлесе отырып, темір жолдардан бастап жүк алушыларға дейінгі тасымалдау үдерісіндегі барлық қатысушылардың мүдделерін ескерумен, бүкіл еуразиялық кеңістікте теміржол тасымалдарының бәсекеге қабілеттілігі мен тартымдылығын қамтамасыз ететін тарифтік шарттарды құруды мақсат етіп отырмыз», - деді С.Жұмабаев.


Жыл бойы қазақстан экспортына мен транзиті үшін тарифтік жағдайлар бойынша келіссөздердің нәтижесі транзиттік тасымалдардың қарқынды дамуы және негізгі көрсеткіштердің өсуі болды. Осылайша, 2018 жылдың 9 айы ішінде транзиттік бағыттағы Қазақстан Республикасының теміржол көлігі бойынша жүк тасымалдау көлемі 13,1 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 23% -ға артық.


Соның ішінде Ресейден Өзбекстанға темір рудасының транзиті 4 есеге өсті, Ресейден Иранға астықтың транзиттік жүк тасымалдау көлемі 143% -ға, Өзбекстаннан Украинаға тыңайтқыштар 47% -ға артты және т.б.


2018 жылдың 9 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі арқылы транзиттік бағыттағы контейнерлік тасымалдар көлемі 367 мың ДФЭ құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 47% артық. Олардың ішінде 301,7 мың ДФЭ контейнерлік пойыздар құрамында тасымалданды(өсім 57%).


Конференция барысында Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан, Украина, Эстония теміржол әкімшіліктерінің өкілдері халықаралық бағыттарда жүктерді тасымалдау кезіндегі жүк өткізу төлемдерін есептеу ережелеріне және теміржол әкімшіліктерінің тарифтік шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді.


Жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау нарығының жақын арадағы  болашағын қарастыра отырып, қатысушылар ТМД мемлекет-қатысушыларының темір жолдарының халықаралық бағытта жүк тасымалдау Тарифтік саясатының нәтижелері теміржол көлігінің транзиттегі жұмысының сапалық және сандық көрсеткіштерін арттыратынына сенімін білдірді.

 

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
27 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

31 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

56 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер