Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ерен еңбегі үшін құрмет
1444 / 26.10.2018 15:31

Ерен еңбегі үшін құрмет

Қазақстандағы ДОО шаруашылығының қалыптасуы мен дамуының ең белсенді кезеңінің қатысушысы, құрметті теміржолшы, еңбек ардагері Марс Терентьевич Ким отметил өзінің 90 жылдық мерейтойын атап өтті. Осының артында - салададағы керемет мансап, бүкіл желі бойынша көп тираждалған рационалды ұсыныстар, және әлі күнге дейін ешқандай ақаусыз жұмыс істеп келе жатқан жүздеген құрылыс нысандары. «Құрмет белгісі» орденінің иегері «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі болып темір жол игілігіне әлі де еңбек етуді жалғастыруда.


Бүгінде оған сену қиын, бірақ Марс Терентьевич кездейсоқ теміржолшы мамандығына келді.


Егінші отбасында дүниеге келген ол, балалық шағы мен мектептегі жылдарын алқапта - күріш, бидай және шөп шабумен өткізді. Әкесі Терентий Филиппович колхоздың бригадирінен төрағасына дейінгі еңбек жолын өткерді, анасы Вера Александровна балабақша тәрбиешісі болған. Ашаршылық жылдарында отбасы Қиыр Шығыс аймағындағы Свободный Хутор ауылынан Омскке көшіп, ал 1936 жылы - Қырғыз ССР-ның Фрунзе облысында орналасқан Авангард колхозына қоныс аударды. Ең жақын мектеп екі шақырым қашықтықта көрші Қазақстанда болды - Шу өзені арқылы пароммен жетуге тура келді. Аңғарғыш ақыл мен білімге ұмтылыс балаға күніне 12 километрді оңай бағындыруға көмектесті - төртінші сыныпта ол Фрунзе атындағы қызылша совхозының мектебіне ауысты. Дәптер табу оңай болмаған соғыс жылдарында адал оқушы оны газеттерден жасап алды. Осындай ынта-жігерінің арқасында ол мектепті күміс медальмен аяқтады. Айта кетерлігі, Марс Ким 1946 жылы бекіткеннен кейінгі алғашқы медалисттердің бірі болды, жоғары марапат Кеңес Одағының кез келген оқу орнына түсу емтихандарынсыз түсуге мүмкіндік берді


- Мен инженер болуды және электр станцияларын салу туралы армандадым. Әкем болса менің педагогикалық институтқа түсуімді қалады», - деп бөлісті Марс Терентьевич.


Құрметті теміржолшының пікірінше, сол кезде оның өмірінде алғашқы ғажайып орын алды. Болашақ әйелі Зина Марспен бірге Фрунзе педагогикалық институтының (Бішкек қ.) физика-математика факультетіне құжат тапсыруға барады.


- Зинаға жетіспейтін қағаздарды алу үшін мектебіне қайта оралуы керек болды, мен онымен бірге бардым және ғимараттың кіреберісінде маңдайша жазуды байқап қалдым: «Ленинград электротехникалық институты қабылдау жариялайды». Көз алдымда қарауытып кетті, өйткені бұл менің арманым еді! - деп түсіндірді Марс Терентьевич.


Әкесінің өсиетіне қамастан, ол бағыттауылтың тілі бойынша бірден қабылдау комиссиясына қарай барды. Талапкерлер үшін екінші қабылдау емтихандары болып жатты, алайда медалист үшін өтініш толтырып, автобиография жазса жеткілікті болатын. Бірнеше минуттан соң болашақ теміржолшының төлқұжатында оқуда қабылданғандығы туралы штамп тұрды.


Институттты бітіргеннен кейін Марс Терентьевичті Семей қаласынан 110 шақырым жерде орналасқан Шар дабыл және байланыс қашықтығына жіберді, онда жақында теміржол көлігінде ең озық автоматтандыру, телемеханика және телекоммуникация жүйелерін салу жоспарланды.


Осылайша, 1952 жылдың 16 ақпанында Марс Кимнің еңбек жолы Шар қашықтығында электромеханик қызметінен басталды. Сол жылдың жазында оны өндіріс инженері етіп тағайындады. 1953 жылдың басында Шар-Жана-Семей учаскесінде уәде етілген пойыздарды автоматты реттеу жүйесі - ДВК-3а орталықтандыру диспетчерлігінің құрылысы басталды. Сонымен қатар, жас маманды қашықтық бастығының орынбасары етіп тағайындады және құрылыс жұмыстарына қадағалауды және қызмет көрсету үшін кадрларды оқытуды тапсырды.


- Бұл да ғажап емес пе: институтты аяқтағаным жаңа, және сол арадамаған автоматтандырудың ең жаңа және бірегей жүйесін жөндеу, салу және іске қосу жұмыстарына қатысуға мүмкіндік берді! – деп күлді мерейтой иесі.


Бір учаскеде жұмыстардың аяқталуынан кейін, басқа - Шар - Жарма учаскесінде жабдықтарды ендіруге кірісті. Бұл шаралардың барлығы бір жолды теміржол желісінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және өткізу қабілетін арттыруға мүмкіндік берді.


1954 жылы, өз саласының кәсіпқойы Марс Ким сол Шарда КСРО-да дабыл және байланыс қашықтығының ең жас басшыларының бірі болды. Бір жылдан кейін оның жетістігі «Сталиндік еңбектің екпіндісі» белгісімен белгіленді. 1959 жылы маманды Қазақ темір жолының Семей бөлімшесінің дабыл және байланыс бөлімінің бастығы етіп тағайындады. Ал 1963 жылы автоматтандырылған қондырғыларды күтіп баптау бойынша жаңа техника мен технологияларды енгізуге қосқан үлесі үшін Марс Терентьевич саланың жоғары наградасы - «Құрметті теміржолшы» белгісіне ие болды.


Келесі жылдары жаңа жетістіктер мен марапаттарға ие болды. Ал 1973 жылы перспективалы және тәжірибелі қызметкерді Жамбыл жол бөлімшесіне ауыстырды, онда ол төрт жыл бойы Мойынды-Сарышаған-Шығанақ-Шу учаскелерінде екінші жолдардың құрылысымен айналысты, ал 1976 жылы серпілісті идеялары үшін «КСРО  ҚЖМ ең үздік рационализаторы» атағына ие болды .


- 1977 жылы ұлы Қазақ теміржолын Алматы, Целинный және Батыс-Қазақстан үш бөлікке бөлді. Мені Батыс Қазақстан темір жолының ДОО және байланыс қызметінің басшысы ретінде Ақтөбеге шақырды, - дейді Марс Терентьевич.


Осы қызметте Құрметті теміржолшы 1989 жылы өзінің лайықты демалысына шыққанша жұмыс істеді.


Жұмыс істеген жылдарында Марс Ким еліміздің бес өңірінде: Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау және Маңғыстау теміржолдарында автоматтандыру және электр байланыстың техникалық құралдарын дамыту үшін көп нәрсе жасап үлгерді. 2500 км-ден астам магистральдық байланыс кабелі жүргізілді, СК арналарының саны 1990 жылға қарай 80-ші жылдардағы 18-ден 180-ге дейін, ал автоматты телефон станцияларының саны 1973 жылғы 34-тен 1990 жылы 54-ке дейін артты. Ақтөбе, Шалқар, Сексеуіл, Жем, Қандыағаш, Илецк және Никельтау станцияларында байланыс үйлері салынды. Ескіргендерінің орнын ауыстырумен 2 310 км теміржол радиобайланысы жаңартылды. Орталықтандырылған диспечерлік  учаскелерінің ұзындығы 3 398 км-ге жетті. 4 221 бағыттамалық бұрма электрлік орталықтандыруға қосылды, мыңдаған километр екінші жолдар мен қос жолды салғылар автоматты оқшаулаумен жабдықталды және тағы басқалары.


Еңбек ардагерінің қанжығасында 15 түрлі мемлекеттік марапаттар бар.


Құрметті жасына қарамастан, Марс Терентьевич жігерлі және идеяларға толы, және көптеген жас әріптестерінен асып түседі – зейнеткерлікке шыққан кейін ұзақ уақыт бойы жол бастығының көмекшісі болып жұмыс істеді, ал 2001 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Консультативтік кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады, оның тәжiрибесi мен бiлiмi тәуелсіз Қазақстанның теміржол желісінің дамуына баға жетпес үлес қосуда.


Әрине, ол өзінің оның басты марапаты өзінің үлкен және тату отбасы деп санайды. Сол педагогикалық институтты бітіріп, «Халықтық білім беру үздігі» белгісіне ие болған әйелі Зинаида Сергеевнамен бірге төрт баланы – қыздары Эльвира мен Жаннаны және ұлдары Станислав және Владиславты тәрбиеледі. Барлығы теміржолшылар әулетін жалғастырды.


- Менің жеті немерем, тоғыз шөберем бар. Мен шынымен бақытты адаммын! - дейді мерейтой иесі. - Тағдыр маған көптеген қызықты сәттер мен жақсы мүмкіндіктер сыйлады. Менің бүкіл өмірім - ғажайып!


Поделиться:
Популярные новости
8 / 29.03.2024

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды

Вагон шарушылығының өндірістік-техникалық бөлімдері басшыларының корпоративтік даму бағдарламасы аяқталды Астанада вагон шаруашылығының өндірі...

76 / 29.03.2024

Екі теміржол әкімшілігінің тарихындағы жаңа рекорд

2024 жылдың 28 наурызында Достық-Алашанькоу халықаралық шекара өткелінде жаңа рекорд орнатылды: бір күнде Қытайға 21 пойыз экспорттық қатынаста ...

132 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер