Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу 41% -ға артты
1159 / 25.10.2018 15:29

Қарағанды облысының тұрғындарына коммуналдық-тұрмыстық көмір жеткізу 41% -ға артты

2018 жылдың 25 қазанында Қарағанды қаласында өткен 2018 жылдың өткен кезеңі үшін әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындысы жөніндегі брифингте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның Қарағанды бөлімшесі филиалының директоры Марат Ибраев сөз сөйледі.


Журналистермен кездесу барысында ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі ерекше бақылауда екенін атап өтті. Қарағанды теміржолшылары тұтынушыларға қатты тұрмыстық отынды, жаңа астықтың тартылған өнімдерін уақытында және жоспарланған көлемде үздіксіз жеткізу үздіксіз үшін барлық қажетті шараларды қолданады.


2018 жылдың қаңтар айынан бастап, Қарағанды бөлімшесі бойынша көмірді тиеу 22 млн. тоннадан асты, оның ішінде ел ішінде 14 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды, 7 млн. тоннаға жуығы экспортталды.


- Сонымен бірге, халықтың қажеттіліктері үшін 489,3 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалдадық, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 41% артық, - деді М.Ибраев.


2018 жылдың басынан бері қарағандылық теміржолшылар аймақтық ЖЭО мекенжайларына 4,1 млн. тоннадан астам көмір жеткізді, бұл өткен жылғыдан 54 пайызға жоғары.


«Бүгінгі таңда, жылыту маусымына Қарағанды облысының ЖЭО қоймаларындағы көмір қоры Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі белгілеген нормативтен 2-3 есеге жоғары. 20 тәуліктік норма жағдайында көмір қоры Қарағанды ЖЭО-1-де 64 тәулік, Қарағанды ЖЭО-3-те 23 тәулік, Теміртау ГРЭС-да 39 тәулік, Балқаш ЖЭО-да 34 тәулік, Жезқазған ЖЭО-да 34 тәулікті құрайды », - деді спикер


Вагон паркін тиімді пайдалану және қатты тұрмыстық отынды тиеу көлемін ұлғайту мақсатында Қарағанды жол бөлімшесінде Шұбаркөл-Лугской және Шұбаркөл-Высоцк станциялары бағыттарында бағдарлы жөнелтпелерді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар өткізілуде. Қызылжар станциясында оңтүстік, солтүстік бағыттары бойынша дайын пойыздар құрылуда.


 «Жылдың басынан бері біздің жол бөлімшеміз бойынша ұн тиеу 204 мыңнан астам тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 128,8% артық», - деді М. Ибраев.


Спикер ұн мен тартылған өнімдерді тасымалдау кезіндегі негізгі тапсырма жүк операциялары кезінде вагондардың бос тұрып қалу уақытын қысқарту болып табылатынын атап өтті. 24 сағаттық норма жағдайында, жеке жүк жөнелтушілердің вагондар айналымын орындауы 60 сағат немесе одан да көп.


Қарағанды филиалында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында сияқты жедел астық топтарының тәулік бойы жұмыс істеуі ұйымдастырылған, көмірді тасымалдау жөніндегі штаб жұмыс істейді, ол және халыққа сату үшін ЖЭО қоймаларындағы және кірме жолдардағы қатты отынның қалдық қорларын күнделікті бақылауды жүзеге асырады.


Брифинг ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында ұйымдастырылды.


 

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі


Поделиться:
Популярные новости
164 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

295 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

172 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер