Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ширек ғасыр темір жолда
1164 / 22.10.2018 15:22

Ширек ғасыр темір жолда

Илецк-1 станциясы Қазақ темір жол үшін әрдайым стратегиялық маңызға ие. Бұл үлкен транзиттік ағыны және халықаралық шекара өткізу бекеті бар бірінші санатты жол торабы станциясы. Бұл станцияны 25 жыл бойы темір жолда қызмет еткен Сансызбай Сатубалдиев басқарады.


Бір қарағанда Сансызбай Сатубалдиевті саланың ардагері деп айта алмайсың - қайратты, әдемі шынайы күлкісі бар адам. Ол әңгімені станцияға бұрып, өзі жайлы айтудан қашты.


- Біз Орал, Оренбург, Ақтөбе: үш бағытта жұмыс істейміз,- деп іскерлікпен қағаздарды жинастырып жатты. - Барлық негізгі эксплуатациялық көрсеткіштер бойынша жоспарға және өткен жылға қатысты артығымен орындалып жатыр. Мысалы, 2018 жылдың 8 айында біз 5 398 пойыз қабылдадық, бұл өткен жылмен салыстырғанда 619-ға көп, 5 442 пойыз жөнелтілді, яғни күн сайын 3 пойызға көп. Егер вагон айналымы туралы айтатын болсақ, мұнда да  орындау жоспарлыдан артық- 5308 вагон.


Әйтсе де С.Сатубалдиевтің бойында жұмысына жан-тәнімен беріліп жұмыс істеу қайдан екенін анықтадық. Оның атасы Әбілғазиз - теміржолшы, тыл еңбеккері - ерте жастан бастап Сансызбайға үлгі болған. Оның ата-анасы теміржолшылар болмаса да, отбасында осы күрделі мамандықты үнемі құрмет тұтты.


Сансызбай Соль-Илецк ауданындағы Цвилинга станциясында дүниеге келді. 1993 жылы Ақтөбе теміржол техникумын «тасымалдаулар технигі-ұйымдастырушысы» мамандығы бойынша аяқтады және Шыңғырлау станциясына жіберілді, онда еңбек  жолын станция кезекшісі ретінде бастады. Сол кезде Озыноктан Қос-Аралға дейінші учаскелер Орал жол бөлімшесіне қарағанын естеріңізге сала кетейік.


- Мен Орал жол бөлімшесінің бағыты бойынша оқыдым», - деп сол кезді еске алды Сатубалдиев. – Сол кезде Шыңғырлау бекетінің бастығы Рахымжан Бисенғалиев болған, тағылымдаманы Шыңғырлау СД Арман Сатыбалдиевтің жетекшілігімен өттім.


Алайда, 1994 жылдың қаңтарында Сансызбай әскерге шақырылды. Бір жарым жыл бойы Приморьедағы Ресей Әуе күштерінде қызмет еткен соң, ол Цвилинг станциясына оралды. Сансызбай техникумда  оқып жүргенде осында тәжірибиеден өткен болатын және станция кезекшісі Леонид Шполянскийдің көзіне түсіп: «Сен мені алмастырмайынша зейнетке шықпаймын» деп айтқаны бар.


- Мен бұл туралы ұмытып кеттім, кейін жүрегі кең жан, Леонид Исакович: «Бәрібір сені тостым. Жұмысқа шық», - деді. Осылайша кадр бөлімінде бірге өтініш жаздық, мен - жұмысқа қабылдауға, ал ол – жұмыстан шығуға – деп есіне алды Сансызбай Сатубалдиев.


Бұл темір жол күні қарсаңында болатын. Ол 2001 жылға дейін Цвилинг станциясында кезекші болып жұмыс істеді, содан кейін оны Илецк-1, қазіргі НОДГП-15станциясының бастығы Дауд Ниязбаев жұмысқа шақырды. 8 жыл ішінде Сансызбай Исаевич пойыз құраушысы, сұрыптау дөңесінің кезекшісі, маневрлік диспечер, станцияның бас инженерінің уақытша міндетін атқарушы, қауіпсіздік жөніндегі инженер, ДНЧ ревизоры болып жұмыс істеп, Қазақ қатынас жолдары университетін сырттай аяқтады. Өте құнды тәжірибе жинады.


Оралдағы 4 жыл ішінде ол аға локомотив диспечері, пойыз диспечері, Илецк-Қазақстан учаскесінде торап диспечері, Қазақстан станциясы бастығының м.а., Орал станциясының жедел жұмыс бойынша станция бастығының орынбасары болып қызмет атқарды.


2013 жылдың ақпан айында оны Илецк-10020 станциясының бастығы, Илецкий теміржол учаскесі директорының орынбасары қызметіне ауыстырды. Енді міне, бес жылдан астам уақыт бойы ол Қазақ темір жолының осы маңызды стратегиялық торабын басқаруда.


- Әрине, Оралдан кеткім келмеді – осыған дейін талай көштік, ал мұнда пәтер, мектеп, отбасым үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Бірақ ештеңеге өкінбеймін. Отбасым да маған қолдау көрсетеді. Ал бұл өмір мен жемісті еңбек үшін өте маңызды екендігіне келісерсіздер,- дейді теміржолшы.


Айтпақшы, оның әйелі Илецк-1 станциясының паркінде кезекші болып жұмыс істейді. Ол күйеуінің ықпалымен теміржолға келді, Орынбор теміржол техникумын аяқталы, қазіргі уақытта бала күтіміне байланысты демалыста - қызы 2 жаста. Үлкен ұлы - Орынбор мемлекеттік университетінің 3 курс студенті.

 

«Қазақстан теміржолшысы» республикалық салалық газеті
Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

352 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

54 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер