Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Алтынкөл станциясында транзитті дамыту және ұлғайту мәселесі талқыланды
2382 / 20.10.2018 15:21

Алтынкөл станциясында транзитті дамыту және ұлғайту мәселесі талқыланды

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Алтынкөл станциясында «Транзитті дамыту және ұлғайту» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалының, «KTZE Khorgos Gateway» ЖШС, «Евротранзит КТС» ЖШС, «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері, Біріккен көліктік-логистикалық компаниясы - Еуразия теміржол альянсы, ҚР Ұлттық экспедиторлар қауымдастығы, Қазақстанның «Kazlogistics» көлік қызметкерлері одағы өкілдері, жүк жөнелтушілер мен жүкті алушылар қатысты.

Қатысушыларға Алтынкөл станциясының, жүк тиеу терминалдарының, оның ішінде ауыр салмақты және габаритті емес, ақтарыла тиелетін және үйінді жүктердің презентациялары ұсынылды. Кездесу барысында кедендік декларациялау, тауарларды уақытша сақтау қоймаларында шоғырландыру және сақтау мәселелеріне көп көңіл бөлінді.

- Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттыру үшін біздің станция маңызды рөл атқарады, сондықтан біз үнемі жүктерді тарту, кірме жол және қайта жүктеу терминалдарында инфрақұрылымдық қуаттылықты дамыту, Қытайдан Қазақстанға, Орталық Азия мен Еуропа елдеріне жүретін пойыздардың кешігуін болдырмау бойынша жұмыстар жүргіземіз, - деді Алтынкөл станциясының басшысы Жандос Ұнтақбаев.

Қазақстан-қытай шекарасында орналасқан Алтынкөл теміржол станциясы қазірдің өзінде дамудың қуатты серпінін алуда. 9 ай ішінде «Алтынкөл-Хоргос» шекара өткелі арқылы 2 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 161% артық. Оның ішінде импорт 1,7 млн. тоннадан асады, бұл 2017 жылға қарағанда 150%-ға артық. Экспорттық қатынаста Алтынкөл-Хоргос шекаралық өткелі арқылы жүк тасымалдау көлемі 312,8% -ға артты.

Достық және Алтынкөл қазақстандық станциялары арқылы ҚХР-Еуропа-ҚХР бағытындағы контейнерлік пойыздар санының артуы бойынша ай сайын оң өсім сақталуда. Осылайша, үстіміздегі жылдың 9 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі бойынша 3 163 контейнерлік пойыз жүрді. ҚХР-Еуропа бағытындағы өсім 1,4 есе, кері бағытта - 1,8 есені құрайды. Бүгінгі күні Алтынкөл станциясының контейнерлік жүктерді өңдеу қуаттылығы тәулігіне 5000-нан астам ДФЭ құрайды.

- Біз жүктерді өңдеуді әрі қарай тиімді жеделдетуді, қауіпсіздік пен орындалатын операциялар сапасының жоғары стандарттарын енгізуді көздейміз, - дейді Ж. Унтакбаев.


Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер