Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ақмола теміржолшылары астық пен көмірді тұтынушыға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді
1564 / 18.10.2018 10:04

Ақмола теміржолшылары астық пен көмірді тұтынушыға үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етеді

2018 жылдың 18-ші қазанында Көкшетау қаласындағы ҚР Ақпарат және байланыс министрлігінің Орталық коммуникациялар қызметінің аймақтық алаңында 2018 жылдың 9 айында әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау қорытындылары бойынша брифинг өтті.


Брифингте «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Ақмола бөлімшесі филиалының директоры Нұрым Жаниязов жаңа астықты, көмірді тұтынушыларға тасымалдау туралы есеп берді.


«Жыл басынан бері біздің жол бөлімшесі бойынша астық тиеу 3,7 млн. тоннаны құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,4% артық», - деп хабарлады Н.Жаниязов.


3 млн. тоннадан астам астық экспортталды, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйегіне қарағанда 35% -ға артық. 9 ай ішінде бөлімше бойынша тартылатын өнімдерді жүктеу өткен жылғы 433 мың тонна деңгейінде сақталып отыр, оның ішінде экспортқа - 299,4 мың тонна немесе жалпы тасымалдау көлемінің 69%.


Қазақстандық астық пен ұн экспортының дәстүрлі бағыттары - Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай, Ресей.


Вьетнам, Қытай, Түркия, Италия және басқа елдерге бидай мен ұн контейнерлік жеткізілім көлемі артты. Осылайша, бөлімше бойынша 9 ай ішінде контейнерлік маршруттар бойынша жөнелтілген 2700-ден астам контейнер жүктелді. Жалтыр станциясы бойынша Вьетнамға контейнерлік пойыздар құрылады, бұл қазақстандық астықты тұтынушыларға жеткізу уақытын азайтады.


«Ақмола ЖТ бөлімшесі бойынша жылдың аяғына дейін ай сайын 680 мың тоннадан астам жүк тиеу жоспарланып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша 5,5 млн тонна астық тасымалданды», - деді Н.Жаниязов.


2018 жылдың басынан бері Ақмола теміржолшылары жергілікті ЖЭС, Астана, Петропавл және Көкшетау қалаларына 4,1 миллион тоннадан астам көмір жеткізді, бұл өткен жылғыдан 54 пайызға жоғары.


«Бүгінгі таңда жылыту маусымына аймақтық ЖЭО қоймаларында ҚР Энергетика министрлігі белгілеген көрсеткіштен 2-3 есе асып түсетін көмір қоры құрылды. 20 күндік нормада Астана ЖЭО-1 бойынша көмір қоры - 46 күн, Сороковинский ЖЭО - 33 күн, Көкшетау РК-47 күн, Петропавл ЖЭО-1 -20 күнді құрайды», - деп хабарлады Н.Жаниязов.


Аймақтың теміржолшылары вагон паркін тиімді пайдалану, жүк операциялары кезінде вагондардың бос тұрып қалу уақытын қысқарту үшін барлық қажетті шараларды қолдануда. Станцияның тәуліктік өңдеу қуаттылығына және элеваторлар мен НҚК-ның технологиялық тиеу механикаландыруына сәйкес, онкүндіктер күндері бойынша көлемді біркелкі бөлуге ерекше көңіл бөлінеді.


Вагондар паркін тиімді пайдалану үшін жүк жөнелтушілерге жұмыстардың маусымдық сипатын ескере отырып, астықты жаппай жөнелту кезінде көлемді біркелкі бөлу ұсынылады. Сондай-ақ жүкті уақытында тиеу-түсіру, яғни жүк операциялары кезінде вагондардың бос тұру уақытын сақтау үшін, жүк жөнелтушілер мен жүк алушылардың жауапкершілігін келісімшарттық міндеттемелерде қарастыру қажет. Сөйтіп, қыркүйек айының соңында Ақмола ЖТ бөлімінде өздерінің 200-ден астам вагоны, сондай-ақ  жүк жөнелтушілердің ұзақ уақыт ветеринариялық инспекцияға рұқсат алу үшін өтінішті уақытында тапсыруына байланысты кідіріп қалды.


«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да астық және көмірді тасымалдауға арналған Штабтар жұмыс істейді. Күн сайын жүк жөнелтушілердің өтініштерін қамтамасыз ету, вагондар айналымын бақылау енгізу. Жылу электр станцияларының және электр станцияларының қоймаларындағы қатты отынды қалдықтардың мониторингі жүргізілуде. Ақмола жол бөлімшесінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмыс істеуі ұйымдастырылды.


«Біз әлеуметтік маңызды тауарларды уақытында және жоспарланған көлемде тұтынушыларға үздіксіз жеткізуге баса назар аударамыз. Жергілікті атқарушы органдардың және тасымалдау процесіне қатысатын барлық ұйымдардың бірлескен күш-жігерінің арқасында туындаған мәселелер тез арада шешіледі», - деді Н.Жаниязов.


Брифингте теміржолдың барлық өңірлік бөлімшелерінің басшылары әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдауды ұйымдастыруға қатысты есеп береді.

 

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ

Баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
33 / 25.12.2025

ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты

2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында 15 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға ...

31 / 25.12.2025

«ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС ерекше балаларға арналған қайырымдылық акциясын өткізді

Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға сый...

47 / 22.12.2025

Владимир Петров «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – &la...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер