Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Вагондар бар – тиеңдер, созбаңдар
1239 / 16.10.2018 00:00

Вагондар бар – тиеңдер, созбаңдар

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның «Қостанай ЖТ бөлімшесі» филиалында жүк жөнелтушілермен нақты жұмыс кездесуі өтті.


Оған Қостанай ЖТ бөлімшесі, «Астық Транс» ЖШС, «ҚТЖ-Экспресс» ЖШС өкілдерінен басқа, әкімдік қызметкерлері, «Иволга Жол» ЖШС, «БК Альфа» ЖШС элеваторларының өкілдері, сондай-ақ өңірдің ірі жүк жөнелтушілері – «Муган» ЖШС, «NOOR-ЛЕС» ЖСШ, «Агромаркет КЗ» ЖШС, «Айпара Трейд» ЖШС, «ОлжаТрейдинг ЛТД» ЖШС және басқалары қатысты, олардың көпшілігі Ауғанстан, Түрікменстан және т.б. экспортқа астық жібереді.


Кездесудің себебі, Қостанай ЖТ бөлімшесінің бастамасы бойынша, бүгінгі күні жүк жөнелтушілердің көпшілігі бұрын жарияланған жүк тиеу жоспарларына сәйкес келмейтіндігі болды. Яғни, жүк жөнелтушілер алдын-ала көп вагондар сұратып, бірақ бүгінгі күні олардың көпшілігі пайдаланусыз қалуда. Мысалы, «СерканИнвестМентГрупп» ЖШС негізгі жоспар бойынша қазан айына 150 және қосымша жоспар бойынша 89 вагон сұратты, алайда кездесу кезінде ол тіпті біреуін де тиемеген. Немесе «Холдинг-12» ЖШС қосымша жоспар бойынша 73 вагон сұратты, ал қазіргі уақытта 7 ғана вагон жүктелді. Бұл жағдай жүк жөнелтушілермен семинар өткізу туралы шешім қабылдаған Қостанай ЖТ бөлімшесінің басшылығына елеулі алаңдаушылық тудырды.


- Егер тек облыстың басты станциясы - Қостанайды ғана алатын болсақ - жүк жөнелтушілер қазан айында 1386 вагонды (94 145 тонна) жүктеуге өтінім жасады, - деп «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ-ның Қостанай ЖТ бөлімшесі филиалының директоры Берік Хайдаров жүк жөнелтушілерге бет бұрды. Айдың 12 күнінде 178 вагон (11 794 тонна) немесе 12,5 пайызы тиелді. Көрсетілген жоспарларды орындау үшін жүк жөнелтушілер айдың алғашқы күндерінен біркелкі жөнелту керек.


Сонымен бірге, жүк жөнелтушілер айдың басында өте селқос жұмыс істеп, соңына қарай жанданады, осылайша айдың соңында кіріс жолдарында шамадан тыс жүктеме, қажет емес дүрбелең, локомотивтердің жетіспеушілігі сияқты проблемалар туындайды. Мұндай Қостанай ЖТ бөлімшесінің басшылығы жүк жөнелтушілерге мұндай жағдайды болдырмауды ұсынды.


- Өз жоспарларыныңды айдың үш бөліңіздер, және әрбірінде біркелкі жүктеңіздер – деген кеңесімен Берік Қайдаров жүк жөнелтушілермен бөлісті - Біз сіздердің үздіксіз және бірыңғай тиеу жұмыстарын атқаруларыңыз үшін барлығын дайындадық. Және сіздер де айдың алғашқы күндерінен бастап жөнелтуді бірдей жүргізесіздер. Бұл өз мүдделеріңізге, сондай-ақ сіздердің жүктемелеріңізді өзінің экспорттық жоспарларына енгізетін әкімдіктің мүддесі үшін қажет. Егер сіздердің қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, біз оларды тыңдауға дайынбыз, өйткені бұл біздің ортақ ісіміз.


Негізінен, жүк жөнелтушілердің шағымдары демалыс күндері жұмыс істемейтін элеваторларға қатысты болды, себебі олар элеваторларға кірме жолдарда вагондардың жиналып қалуына ықпал етеді және кідірістерге әкеледі.


Қостанай ЖТ бөлімшесіне келетін болсақ - бүгінде біз оның жұмысының тиімділігі мен сапасына, вагондарды уақтылы жеткізуіне дән ризамыз, - дейді жиналысқа қатысушы, «NOOR-ЛЕС» ЖШС менеджері Евгений Салисанов – Біз өткен жылдардағы қателіктерімізді ескеріп, ҚТЖ жұмысының ерекшеліктерін анықтадық, және биылғы жылы өткен жылдарға қарағанда, жүк тиеу бойынша жағдай толық қалыпқа келтірілді. Өз кезегінде, биылғы жылы өткен жылмен салыстырғанда «ҚТЖ» компаниясының жұмысында өте оң динамика байқалады, және біз бұл үшін өте қуаныштымыз. Тасымалдаушы вагондар әрдайым бар және уақытында қызмет етеді. Және біз әріптестерімізбен және басқа да қызмет көрсетушілермен бірге, осы мәселелерді кәсіби түрде және сәтті шешкен компания басшылығына алғысымызды білдіреміз. Және болашақта табысты түрде ынтымақтастықты жалғастыруға қуаныштымыз.


Сондай-ақ, Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесінде биылғы жылдың алғашқы тоғыз айының қорытындысы бойынша астық арту көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда елу бір пайызға артып, жүктеме 13 858 вагонға немесе 935 мың тоннаға (немесе 51% -ға) артқанын еске салғанымыз жөн. Жоспар толығымен орындалды: техникалық жоспар  39 701 вагон және 2634,3 мың тонна болса, жүктеме 40 910 вагон және 2755,9 мың тонна немесе жоспарға 104,6% құрады. Бұл көлемдерден Қазақстан бойынша жүктеме 10179 вагон (693,7 мың тонна), экспортқа жүктеме 30731 вагон (2062,2 мың тонна), оның ішінде Орталық Азияға экспорт 15917 вагон (1102 мың тонна) құрады. Әсіресе қыркүйек  айы Қостанай бөлімшесі үшін жемісті болды. Техникалық жоспар 2940 вагон (195 мың тонна) құраса, жүктеме 4781 вагон (318,7 мың тонна) немесе жоспардың 163,4% құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жүктеме 1,385 вагонға (89,9 мың тонна) немесе 39% -ға өсті. Осы көлемдердің ішінде ішкі нарыққа 962 вагон (65,1 мың тонна), экспортқа - 3819 вагон (253,6 мың тонна), оның ішінде Орталық Азияға - 1597 вагон (108,6 мың тонна) артылды.


Сонымен қатар, биылғы жылы Қостанай облысының ауыл шаруашылығы басқармасы хабарлағандай, өңірдегі жиналған астық көлемі 4,5 миллион тоннадан асты. Осы көлемнен 2018 жылғы егіннің күтілетін экспорттық тасымалдау көлемі 2 млн. тонна астық және 1 млн. тонна ұнды құрайды.
Поделиться:
Популярные новости
49 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

59 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

135 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер