Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Шымкент ЖТ бөлімшесінде тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысқа аудит жүргізілді
1602 / 12.10.2018 09:51

Шымкент ЖТ бөлімшесінде тәуекелдерді басқару жөніндегі жұмысқа аудит жүргізілді

«ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау департаментінің өкілдері Гүлмира Есқалиева және Нұрлан Дүйсенов Шымкент ЖТ бөлімшесінде тәуекелдерді басқару бойынша жұмысқа тексеріс жүргізді.

Аудит жүргізу тәуекелдерді барынша азайту бойынша іс-шаралар жоспарының орындалу барысының дұрыстығын тексеруге, жағымсыз оқиғаларды анықтауға, филиалдағы тәуекелдерді бақылауға және басқаруға жауапты тәуекелдерді үйлестірушінің және тәуекел иелерінің жұмысын үйлестіруге (жақсарту) мүмкіндік береді.

Аудиттің барысында есепті кезең нәтижесі бойынша Қоғамның Тәуекелдер картасының қауіпті аймақтарында (қызыл және қызғылт сары) қалып қалған тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шараларды іске асыру бойынша жұмыс құжаттамасына: өндірістік жарақаттар, жүктердің сақталмағандығы, локомотивтердің жоспардан тыс жөндеуі және т.б тексеріс жүргізілді.

Тәуекелдерді басқару корпоративтік жүйесін жетілдіру бойынша аудит кезеңдерінің бірі - жол бөлімшесі, Шымкент станциясы, Түркістан локомотив пайдалану депосы қызметкерлерінің жұмыс жағдайын қанағаттандырардық еңбек жағдайларына, филиалдағы тәуекел мәдениеті деңгейіне, сыбайлас жемқорлықтың болуы /болмауына және басқа да тәуекелдерді анықтау үшін жасырын сауалнама жүргізу болды. Оның барысында филиал қызметкерлері, олардың пікірінше, өздерінің міндеттерін орындауға кедергі болып табылатын тәуекелдерді анықтауда қызығушылығын және белсенділігін көрсетті.


Департаменттің бас менеджері Гүлмира Есқалиеваның айтуынша, қызметкерлердің Қоғам филиалының қызметіне теріс әсер етуі мүмкін оқиғаларды болдырмауға бағытталған ережелерге сүйену маңыздылығына басты көңіл бөлінді.


Сондай-ақ, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесі саласындағы Тәуекелдерді басқару саясаты, Тәуекелдерді сәйкестендіру және бағалау ережелері, Ішкі бақылау жүйесі туралы ережелері бар қазіргі әдіснамамен таныстыру сессиясы өткізілді. Бұдан басқа, филиалдар қызметкерлерінің назарына ағымдағы тіркелім және Қоғамның тәуекелдер картасы, қолданыстағы тәуекелдердің мәртебесі және ЖТ жұмысшылары басшылыққа алатын тәуекелдерді басқару саласындағы басқа да құжаттар ұсынылды.
Поделиться:
Популярные новости
5 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

62 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер