ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздік...
Депоның командалық-нұсқаушылар құрамы жұмысының тиімділігін арттыру үшін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ машинист-нұсқаушылардың қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізеді. Локомотив бригадаларын даярлау сапасы, тасымалдау үдерісінің қауіпсіздігі тікелей осы мамандықтың өкілдеріне байланысты. Эксплуатация жөніндегі директорлардың орынбасарлары мен машина жасаушыларға арналған Жамбыл ЖТ бөлімшесінде өткен осы тәжірибе алмасу бойынша семинар барысында осы туралы талқыланды.
Әр ай сайын, әрбір эксплуатациялық локомотив депосында рейтингтік баға қорытындысы бойынша «Үздік теміржол машинист-нұсқаушысы» атағына республикалық конкурсқа қатысуға мүмкіндік беретін үздік машинист-нұсқаушы таңдалады. Республикалық байқаудың жеңімпазы арнайы төсбелгімен марапатталады. Рейтинг нәтижесі бойынша эксплуатация жөніндегі директор орынбасарлары және машинист-нұсқаушы лауазымдарына кадр резервін қалыптастыру тәсілдерін қайта қарау жоспарлануда.
- Сонымен қатар, локомотив бригадасына электронды паспорт енгізілді, онда әрбір машинистке және оның көмекшісіне қатысты дайындық деңгейі мен кәсіби қызметі бойынша ақпарат тіркелетін болады, - деді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану департаментінің менеджері Омар Абдыков.
Паспорт бір деподан екіншісіне ауысқан кезде локомотивтік бригада туралы айтып береді.
Жамбыл ЖТ бөлімшесінің бас инженері Анатолий Ким рейтингті енгізу жақсы мотивация деп санайды.
- Үздіктердің тізіміне ену абыройлы іс. Басшылық алдымызға қойған міндеттерді сапалы орындауға тиіспіз, - деп есептейді ол.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану департаментінің бас менеджері Болат Ибадуллаев атап өткендей, теміржол көлігінің түрлі салаларының мамандарының тәжірибе алмасуы бойынша семинарлар теміржолдың өмірлік циклінің ажырамас бөлігі болып табылады.
- Кездесулер, пікірталастар, тәжірибе алмасу - теміржол инфрақұрылымының біртұтас жұмыс істеуі үшін байланыстырушы тізбек, - дейді ол.
Семинардың мақсаты - машинист-нұсқаушыларлар жұмысының тиімділігін және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін локомотивтік бригадалардың техникалық білім деңгейін арттыру.
Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...
Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...