Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да әлеуметттік-маңызды  жүктер тасымалы ерекше бақылауда
1178 / 15.10.2018 17:50

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да әлеуметттік-маңызды жүктер тасымалы ерекше бақылауда

БАҚ-на арналған хабарлама

Үстіміздегі жылдың 15 қазанында «ҚТЖ» ҰК»АҚ-да өткен брифингте «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының м.а. Қайрат Сәуірбаевтың, «Астық Транс» АҚ және АО «KTZ EXPRESS»  басшыларының қатысуымен 2018 жылдың 9 айында әлеуметтік-маңызды жүктерді тасымалдау бойынша атқарылған жұмыстың қорытындысы жасалды.

Үстіміздегі жылдың басынан бері «ҚТЖ»ҰК»АҚ желісі бойынша 75,7 млн тонна көмір тасымалданған, бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 2%-ке артық. Республика бойынша 52  млн тоннадан астам тасымалданып, ол 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегімен салыстырғанда 5%-ке  жоғары болып отыр.

Есепті мерзімде ТЭЦ  мекенжайына 45,6 млн тоннадан артық көмір жеткізіліпті, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес мерзімінен 3%-ке артық болып отыр. Коммуналдық-тұрмыстық  көмір 7 млн тоннадан жоғары тасымалданып, былтырғы  жылдан 12%-ке артық көрсеткішті құраған.  

2018 жылдың 1 қазанында, ТЭЦ қоймаларында Энергетика министрлігі белгілеген мөлшерлемеден 2-3 есе артық көмір қоры жасалған. Қарағанды ТЭЦ-1 бойынша нормадағы 20 тәулік көмір қоры 65 тәулікті құрап отыр, Өскемен ТЭЦ-51, Жезқазған ТЭЦ-40, Семей ТЭЦ-1 -75, Текелі ТЭЦ-2 бойынша 47 тәулікті құрауда.  

2018 жылдың соңына дейін ай сайын 10 млн тонна көмір тасымалдау жоспарланған, бұл көрсеткіш өткен жылға қарағанда 1 млн тоннаға артық болмақ. Үстіміздегі жылы барлығы 106 млн тоннадан артық көмір тасымалдау жоспарланған, соның ішінде қазақстандық тұтынушылар үшін – 73 млн тонна. Болжамды көлем 2017 жылдың тасымалдау көлемінен 3,7%-ке артық. 

«ҚТЖ» ҰК»АҚ-да  жүк жөнелтушілер өтінімдерінің  қамтамасыз етілуін, вагондар айналымының орындалуын бақылайтын, сондай-ақ, ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отынның  қалған қорына мониторинг жүргізетін тәулік бойын жұмыс істейтін штаб құрылған.

2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында астық тасымалы 7,8 миллионнан астам тоннаны, яғни, 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 43%-ке артық көрсеткішті құрады. Республика ішінде 1,9 млн. тоннасы тасымалданған, бұл былтырғыға қарағанда 3%-ке артық, Экспортқа  5,9 млн тоннадан астам (+64% 2017 жылдың деңгейіне қарағанда) астық тиеліп, жөнелтілген. 2,3 млн тонна тарттырылған астық өнімдері тиелген, соның 1,7 млн тоннасы экспортқа шығарылған.

Қазақстандық астықты экспорттаудың дәстүрлі бағыттары болып Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей табылып отыр.

Жылдың соңына дейін ай сайын темір жол көлігімен 1 млн тоннадан астам жүк тасымалданатын болады.

Тұтастай алғанда 2018 жылдың қорытындысы бойынша, 10,8 млн тонна астық тасымалданбақ, ол 2017 жыл көрсеткішінен 27%-ке жоғары. Соның ішінде, ел ішіне 2017 жылдың деңгейінен 4%-ке артық, ал экспортқа – 38% тиелмек.

Тарттырылған астық өнімдері тиелімінің болжамды көлемі 3,5 млн тоннаны құрайды деп күтілуде, соның ішінде экспортталатыны – 2,5 млн тонна, яғни, өткен жыл деңгейіне сәйкес келмек.  

Астыққа қатысты тасымалдың барлығы, яғни шамамен 60%-і «Астық Транс» АҚ паркімен іске асырылуда, 20%- ҚР-ның өзге жекеменшіктегі астық тасымалдаушы вагондарымен және 20% -  «бөтен»  жекеменшік астықтасымалдаушы құрамдар паркімен және инвентарлық вагондармен тасымалдануда.

Қазақстанның астықтасымалдаушы құрамдар паркі барлығы шамамен 10 мың бірлікті, жабық вагондар паркі – 18 мың бірлікті құрайды.

Астық және дәнді-дақылдар тасымалының көлемі ұлғайған  шақта көрші темір жол әкімшіліктерінің (Грузия, Өзбекстан, Тәжікстан) вагондарын  көмекке тарту мүмкіндігі бар.

Қытай темір жолының басшылығымен астықтасымалдаушы құрамдарға тиелген жүктерді Үрімші темір жолының тар табанды жолына беруге қатысты тәжірибе жүргізу туралы келісімге қол жеткізілген.

Сарыағаш-Келес халықаралық мемлекеттік өткізу пунктіндегі темір жол инфрақұрылымы жаңғыртылып,  қосымша жолдар салынған, соның арқасында Сарыағаш станциясында тәулігіне 16-дан 25-ке дейін жұп пойызды айырбастау мүмкіндігін ұлғайып отыр.   

Ауғанстан, Иран, Иракқа астық тиеп жөнелтудің балама жолы әзірленген, ол Болашақ халықаралық өткізу пункті арқылы Түркіменстан аумағын жүріп өтіп, Имамназар, Акина, Серхетабад және Сарахс станцияларына баруға мүмкіндік береді.

1 қазаннан бастап астық тасымалын ұйымдастыру бойынша Штаб жұмысқа кірісті. Ақмола және Қостанай темір жол бөлімшелерінде шұғыл астық топтарының тәулік бойғы жұмысы ұйымдастырылған.

Брифинг барысында жүктің Ұлттық тасымалдаушысы тасымал процесіне қатысушыларды жылжымалы құрамдарды тиімді пайдалануға, кірме жолдарды, тиеу-түсіру орындарын, элеваторлардағы тартымдық механизмдерді тиісті деңгейде күтіп ұстауға шақырды.

««ҚТЖ» ҰК»АҚ-да  әлеуметтік-маңызды жүктердің тасымалын ұйымдастыру ерекше бақылауға алынған. Қазіргі кезде қатты отын мен астықтың тұтынушыға тоқтаусыз жеткізілуі үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Барлық туындаған сұрақтар шұғыл шешіледі», – деді Қ.Сәуірбаев.

«Астық Транс» АҚ өкілдерінің хабарлауынша, жаңа астық науқанында инфрақұрылымдық шектеулердің  болмауы жағдайында және тиелім ырғағын ұйымдастыру барысында жылжымалы құрамға қажеттілік толық қамтамасыз етілетін болады.

2018 жылы «Астық Транс» АҚ 1000-нан астам вагонға күрделі жөндеу жүргізіп, 420 астықтасымалдайтын құрам сатып алды, тағы да 300 астықтасымалдайтын вагон сатып алу көзделуде. Нәтижесінде, астықтасымалдайтын вагон паркі 12%-ке ұлғаймақ. 

 

 

 «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз-қызметі
Поделиться:
Популярные новости
143 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

242 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

93 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер