Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Дәстүрлердің лайықты жалғасы
1673 / 12.10.2018 12:48

Дәстүрлердің лайықты жалғасы

Шымкент ЖТ жол бөлімшесі - бұл ұзақ жылдық тарихы мен дәстүрлері бар кәсіпорын. Ол осыдан 69 жыл бұрын құрылған. Алғашында Ташкент темір жолының құрамында Арыс станциясындағы әкімшілік аппаратымен, одан соң тәуелсіз құрылым ретінде. Тарихи уақыт мерзімінде көп нәрсе жасалды. Оңтүстік аймақтың теміржолшылары бөлімше жұмысының қауіпсіздігі, үздіксіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ете отырып заманға сай табысты жұмыс істеуде.

Бөлімшенің жүрегі

Жедел-үйлестіруші бөлім - Шымкент ЖТ жол бөлімшесінің жүрегі. Және ол ырғақты соғу үшін, әрбір ауысымда бес диспетчер жұмыс істейді, олар машинистер мен станция кезекшілерімен үнемі байланыста. Әр жұмыс орны жол бөлімшесі басшылығы мен «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның диспетчерлік аппаратымен тікелей байланыстыратын бірнеше мониторлар мен телефон аппараттарымен, оның ішінде нөміртергішсіз телефон аппараттарымен жабдықталған. Пойыздардың қозғалыс кестесі нақты уақыт режимінде жаңартылады. Мұнда үнемі назар аудару және жинақылық қажет етіледі.  Диспетчерлік учаскелер тәулік бойы жұмыс істейді.

Пойыз диспетчерлерінің жұмысы әуе қозғалысын диспетчерлерінің жұмысына ұқсас. Олар тек пойыздарды ғана емес, сонымен қатар әрбір вагонды қадағалайды. Бөлімнің «жүрек соғысы» бір минутқа да үзілмейді. Пойыз диспетчерінің әр кабинетінде жағдай әрдайым қауырт.

Шымкент ЖТ жол бөлімшесінің Арыс-Түлкібас учаскесінің пойыз диспетчері Қайсар Есенбеков темір жолда 13 жыл жұмыс істейді, оның алты жылы осы лауазымда. Еңбек жолын жүк мен багажды қабылдап-тапсырушы болып бастады. Сергеевка станциясының кезекшісі, Шымкент станциясының маневрлік диспетчерлік болып жұмыс істеді. Диспетчер болу оның арманы болатын.

- Диспетчердің басты міндеті - жолаушылар мен жүк пойыздарының кестесін қамтамасыз ету. Жолаушылар пойыздары басымдыққа ие. Диспетчерден жүк және жолаушылар пойыздарының өтуін ұйымдастыру бойынша дұрыс шешім қабылдау ғана талап етіледі, - дейді ол.

Шымкент ЖТ жол бөлімшесінің жедел-үйлестіруші бөлімінің бастығы  Ермек Төлешов бөлімшенің бұрыннан істеп келе жатқан қызметкерлерінің бірі. Темір жолда 24 жыл, ал қазіргі лауазымында - 11 жыл жұмыс істеп келеді. Осы жұмыстың ерекшелігін біле отырып, бұл осы лауазымда жұмыс істелген рекордтық уақыт. Ол жедел бөлімде барлығы 18 жыл бойы жұмыс істеді. Жедел-үйлестіруші бөлімді басқару маманнан жылдамдық, ұтқырлық және сабырлылық сияқты қасиеттерге ие болуды талап етеді. Бұл жұмыс тәулігіне 24 сағат, аптасына жеті күнді талап етеді.

Темір жолға Ермек Төлешов әкесінің ізімен келді. Ол үшінші буындағы теміржолшы. Өз еңбек жолын теміржол жұмысшысы ретінде бастады. Өзінің жұмысы кезінде ол бірнеше рет басшылықтың марапаттарымен марапатталды. Оның қоржынында «Адал еңбегі үшін» төсбелгісі, «Қазақтан теміржолына 100 жыл!» мерейтойлық медалі бар.

- Шымкен бөлімшесі - Орталық Азияға шығатын қақпа. Сарыағаш станциясы арқылы ұн өнімдері, бидай, көмір, астық Ауғанстанға, Түркіменстанға және басқа да бағыттарға өтеді. Қытайжәне Ресейден келетін контейнерлік пойыздарды өткізу ұйымдастырылған. Тасымалдау көлемін ұлғайту үшін көліктік-логистикалық жүйені дамыту, Сарыағаш-Келес темiржол өткелi арқылы жүк ағынын өткiзу үшiн инфрақұрылымдық шектеулердi жою бойынша шаралар қабылдануда.

Сарыағаш станциясында қайта құру жүргізілді. Үш қосымша теміржол желісі салынды. Бұл станцияның өнімділігі мен өткізу қабілетін күніне 30 пойыз жұбына дейін арттыруға мүмкіндік берді. Орташа алғанда тәулігіне 21 жұп поезд қабылданады және жіберіледі.

Жедел-үйлестіру бөлімі жол бөлімшесінің тасымалдау үрдісіне үздіксіз бақылауды қамтамасыз етеді. Әрбір маманға тиянақты шешімдер қабылдау талап етіледі.

Сұрыптау дөңесі

Шымкент станциясының дөңес бекеті арқылы тәулігіне 16-ға дейін пойыз өтеді, ал бұл шамамен 1000 вагон.

Дөңес бекетте локомотив құрамы құрылады. Содан кейін вагондар ағытылады. Төбеден олар құрылған құрамдардың тағайындалған пунктіне байланысты әртүрлі жолдар бойынша өз жолдарымен жіберіледі.

Құрамдарды ажырату және құру бойынша жұмысты Шымкент станциясының сұрыптау дөңесі бойынша кезекші Өтеген Мырзағұлов басқарады. Бұл қызметте ол 14 жыл жұмыс істеді. Барлығы теміржолда – 20 жыл. Вагондар құраушысы, вагондардың қозғалыс жылдамдығын реттеуші болып жұмыс істеген.

Келу-жөнелту, түсіру және тиеу, сондай-ақ сұрыптау құжаттары туралы барлық ақпарат Шымкент станциясының станциялық технологиялық орталығына келіп түседі. Орталықты Елена Попова басқарады. Ол 28 жыл бойы темір жолда жұмыс істейді. Оның міндеттерінің ауқымы күрделі және жауапты.

- Орталықтың дәл жұмысынан вагондардың бос тұрып қалу уақыты, пойызды қалыптасу жоспарының орындалуы тәуелді, - деп атап өтті ол.

Станциялық-технологиялық орталықтың қызметкерлері келетін және жөнелтілетін вагондарға тасымалдау құжаттарын уақтылы және тиімді түрде өңдейді. Орталықта жұмыс бүге-шігесіне дейін автоматтандырылған.

- Егер біз бұрындары вагондардың нөмірлерін қолмен енгізсек, қазір мұны бағдарлама жасайды. Біз кез-келген вагонды, оның келу уақытын көре аламыз. Бізге вагондардың тағайындалымы бойынша жүргені маңызды, - деді ол.

Теміржолшылар өз жұмысында жаңа технологияларды және тасымалдау құжаттарын өңдеудің озық әдістерін қолданады, атап айтқанда, «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыстар», «Станциялар» автоматтандырылған басқару жүйелері енгізілді.

- ККЖ АБЖ тасымалдау процесін автоматты түрде жоспарлауға, жүк тасымалдау құжаттарын рәсімдеуге, жүк тасымалдауын төлеуге, алдын-ала ақпараттандыруға, ақпараттық жүйелердің трансшекаралық әрекеттесуіне мүмкіндік береді. ККЖ АБЖ теміржолшылардың жүкті жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызмет көрсету жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетті, - дейді Елена Попова.

Ол темір жолға кездейсоқ тап болды. Қиын 90-шы жылдары жұмыс істеу қиын болды. Танысы зейнет демалысына шығып бара жатып, өз орнына жауапты және адал қызды ұсынды.

- Жұмыс өте қызықты, тіпті шығармашылық. Мұнда бастамашылық, ережелерді білу маңызды және бұл маған ұнайды. Мен өз жұмысыма ризамын, - деп мойынды Елена.

Сұрыптау дөңесіндегі аса көңіл бөлуді және асқан шебер ептілікті талап ететін ең маңызды мамандықтардың бірі вагондар қараушысы болып табылады. Бұл құрамды жөнелту алдында тексерудің соңғы сатысы. Мұнда жұмыс жылдамдығы, сергек есту қабілет бағаланады. 59 минут ішінде екі вагондар қараушысы құрамға техникалық тексеріс жүргізеді. Олар вагондардың бөлшектерін, әсіресе дөңгелектер жұбын, құралмен ұрғаннан тетіктен шығатын дыбысты талдай отырып дұрыстығына тексереді. Егер қандай да бір проблемалар анықталса, олар ағымдағы жөндеуге немесе бөлікті немесе бүкіл тасымалдың орнын ауыстыруға жіберіледі. Егер қандай да бір ақау анықталса, оны ағымдағы жөндеуге немесе тетікті немесе бүкіл вагонды толығымен ауыстыруға жіберіледі. Арыс эксплуатациялық вагон депосының аға вагондар қараушысы және көп балалы әке Нұрлан Оспанов темір жолда 25 жылдан бері жұмыс істейді, оның 23-і осы лауазымда. Ол 40 жылдан астам вагон қараушы болып істеген әкесінің ізін жалғастырып, теміржол желісіне жұмысқа келді. Ол үшін темір жол – оның тағдыры.

Шымкент бөлімшесі барлық қойылған міндеттерді орындайды. Бұл үшін өндіріс қуаттылығы мен ресурстар жеткілікті.

Поделиться:
Популярные новости
28 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

32 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

58 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер