Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Ашықтық пен тиімділік принципі бойынша
1767 / 10.10.2018 12:45

Ашықтық пен тиімділік принципі бойынша

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның әлеуметтік бағдарланған компания ретінде дамуының маңызды басымдықтарының бірі жоғары білікті мамандарды тартуға, қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту және ынталандыруға бағытталған шараларды күшейтуге бағытталған жоғары тиімді кадрлық саясатты қалыптастыру болып табылады.

Осы мақсатта компанияда лайықты және қауіпсіз еңбек жағдайлары, бәсекеге қабілетті еңбекақы деңгейі жасалуда, бастама білдіру басшылықпен көтермеленеді. «Жұмысқа қабылдау және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен оның еншілес компанияларының кейбір қызметтеріне ауысу ережелеріне» сәйкес, бос лауазымдарға орналасуға үміткерлерді тарту және іріктеу процесінде ашықтық пен қолжетімділік қағидалары қолданылады.

- Біз өзіміздің қызметкерлеріміз компанияның ең маңызды активі екендігіне сенімдіміз, сондықтан біздің кадрлық саясатымыз жеткілікті икемді және серпінді, қазіргі заманғы экономикалық қиындықтарға бейімделген болып қала береді, және сонымен қатар әрбір маманның мүддесін тұрақты қолдайды. Бос орынға үміткерлерді іріктеу бірнеше кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы әділдік пен ашықтық қағидаттарына негізделген, - дейді «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның корпоративтік қолдау және дамыту жөніндегі бас директорының орынбасары Әділжан Исмұхамбетов.

Бос лауазымға үміткермен әңгімелесу кәсіби білім деңгейін анықтауға тестілеу, құзыреттілігін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, конкурстық комиссиямен сұхбаттасу кезеңдерінен тұрады.

Кандидатты бағалаудың кешенді тәсілімі іріктеудің соңғы кезеңінде конкурстық комиссияға оның лауазымға сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

- Қызметкерлерді бағалай отырып, біз олардың еңбек жолын, жұмыс міндеттерін, тәжірибесін талдауға назар аударамыз, бұл жаңа жұмыс әдістерін қолдана отырып, заманға сай жұмыс істеуге дайын, ең тәжірибелі және талантты мамандарды тартады - деп атап көрсетеді А.Исмухамбетов.

Оның айтуынша, трансформациялық бағдарламаны іске асыру шеңберінде және компания тобында ортақ тәсілдерді қолдану арқылы қызметкерлерді іріктеу және жалдау жүйесі жетілдірілуде. Қызметкерлердің компанияның ішінде, сондай-ақ «орталық - филиалдар», «филиалдар - орталық» қағидаттарына сәйкес ауыс-түйісі жүргізілуде. Қызметкерлердің тиімділігі мен нәтижелілігін, мотивациясы мен әлеуметтік қолдауын бағалау жүйесі жетілдірілуде.

Жүзеге асырылып жатқан кадр саясатының арқасында ұжымдағы әлеуметтік тыныштық деңгейін бағалайтын және қайшылықтардың алдын алу жүргізілетін   «ҚТЖ-Жүк тасымалдау» АҚ-ның әлеуметтік тұрақтылық рейтингі тұрақты өсу үрдісін көрсетуде. 2017 жылы ол 69% -ды құрады, бұл орташа көрсеткіштен жоғары деп бағаланады.

Поделиться:
Популярные новости
116 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

129 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

22 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер