Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Істің адамы
1149 / 09.10.2018 12:41

Істің адамы

Қарағанды жол бөлімшесінің теміржол шежіресінде Юрий Александрович Расстригиннің аты алтын әріптермен жазылған. Жоғары дәрежелі маман, әріптестерінің құрметіне ие терең ойлы көшбасшы, нағыз теміржолшы өзінің бүкіл өмірін сүйікті жұмысына арнады. Биыл ол 80 жасқа толды. Теміржол саласы ардагерінің мерейтойы құрметіне Қарағанды жол бөлімшесінде құрмет көрсетілді. Салтанат иесі кездесуге Мәскеуден келді. «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ бас директорының кеңесшісі Кадыл Таласпеков теміржолшылар ұжымының атынан Юрий Александровичке жанкешті еңбегі үшін  алғыс сөздерін білдірді.

- Қарағанды жол бөлімшесінің дамуы Юрий Александрович үшін өмірлік ісіне айналды. 30 жыл бойы ол стратегиялық маңызды және жауапты учаскелердің біріне басшылық етті. Өзінің еңбек жолында ол күрделі мәселелерді шешуге, проблемалық мәселелерді көтеруге қорықпады. Онымен бірге жұмыс істеу жауапты және қызықты болды, ол әрдайым идеяларға толы адам болды және әріптестерімен өз энергиясымен бөлісетін. Қарағанды теміржолшыларының жас ұрпағы оны өздерінің үлгі тұтатын ұстазы және тәлімгері деп санайды! - деді ол.

Залдың қатты қол шапалақтауымен Юрий Александровичке мықты денсаулық, бақыт, күш-жігер мен қажымас қайрат тіледі!

Юрий Александрович 1960 жылы Новосибирск теміржол көлігі  инженерлерінің институтын қызыл дипломмен бітірді. Өзінің еңбек жолын Теміртау станциясында станция кезекшісі ретінде бастады. Өзін күрделі мәселелерді шешуді сеніп тапсыруға болатын жауапты жұмысшы ретінде көрсетін, үш жылдан соң Теміртау станциясының бастығы болып тағайындалды.

Пойыз диспетчері, одан кейін ұзындығы 1700 км-ден астам негізгі жол мен 40-тан астам жүк станциялары бар Қарағанды жол бөлімшесінің ең ірі желісінде жүк бөлімінің бастығы болып атқарған қызметтері оның еңбек жолының екінші маңызды кезеңі болды. Жұмыс орындарын аралап, қызметкерлермен танысып, жүк жұмысын ұйымдастыру әдістерін зерттеумен жаңа жұмысына білек сыбанып кірісіп кетті. Қарағанды көмір бассейні шахталары мен разрездерінің, өңірдің ірі металлургиялық және кен-байыту комбинаттарының өнімдерін уақтылы тиеу, шикізат пен отынды жеткізіп берудің сәтсіздіктерін болдырмау мәселелерін шешу қажет болды. Юрий Расстригин қойылған тапсырмаларды сәтті орындады және ол үшін келесі заңды кезең Целиноград жол бөлімшесінің жол қозғалысы бөлімінің бастығы - жол бөлімшесі  бастығының орынбасары лауазымына ауысу болды. Көп ұзамай Юрий Александрович Целиноград жол бөлімшесінің бірінші орынбасары, ал бір жылдан кейін 36 жасында бастығы болып тағайындалды . Сол кезде жол шаруашылығын жақсарту, Целиноград, Атбасар локомотив депосын кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатты.

- Жұмыс істеу оңай емес, бірақ өте қызықты болды. Мен жұмыс істеуге тура келген ұжымдардың айырықша ерекшелігі тапсырылған жұмысқа деген үйлесімділік, жауапкершілікті жоғары сезіну, қайсарлық, тәртіптілік болды, - деп атап өтті Юрий Александрович.

1977 жылы біздің кейіпкеріміз туған жеріне оралды, онда 20 жыл бойы Қарағанды ​​жол бөлімшесінің бастығы болып жұмыс істеді. Осы кезеңде барлық шаруашылықтардың техникалық жабдықталуын күшейту үшін өте көп жұмыстар жүргізілді, бөлімше толығымен қайта құрылудан өтті. Оның басшылығымен Қарағанды-сұрыптауында «Тұрғын үй-91» бағдарламасы, қосалқы шаруашылықтарды құру және дамыту, мектептер, ауруханалар, балабақшалар, жүзу бассейіні құрылысы жүргізілді. «Тұрғын үй-91» бағдарламасының Қарағанды ​​филиалының тәжірибесі жолдағы ең жақсы деп танылды. «Тұрғын үй-91» бағдарламасын орындау бойынша Қарағанды бөлімшесінің жұмыс тәжірибесі  ең жақсы деп танылды.

- Мен үй салғанды өте жақсы көрдім және шаруашылықтың, станциялардың, теміржолшылар ауылдарының дамуына байланысты жұмысқа рахаттана кірісетінмін, әсіресе құрылыс жұмыстары сол кездері  кең таралған шаруашылық әдіспен жүргізу, - деп еске алады Юрий Александрович.

1997 жылдың соңында Рострригин РМК Бас директорының аймақтық кеңесшісі болды, 1998 жылдың тамызында ол ҚЖМ жанындағы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен Мәскеудегі теміржол көлігі жөніндегі кеңестің дирекциясына өкіл болды.

Теміржол көлігінде көпжылдық және табанды еңбегі үшін Юрий Александрович Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі, Халықтар достығы, көптеген медальдармен марапатталды. «III дәрежелі шахтердің даңқы» белгісін Юрий Александрович Қарағанды көмір бассейнінің шахтерлерімен ұзақ жылдар бойы бірлескен еңбегі үшін алды. Расстыгин екі рет «Құрметті теміржолшы» белгісімен, «Қазақстан Республикасының құрметті көлік қызметкері» атағымен марапатталды. Елдің игілігіне еңбектенген үшін «Құрмет» орденімен марапатталды.

Поделиться:
Популярные новости
177 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

314 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

241 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер