Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар қарияларды мерекелерімен құттықтады
1690 / 08.10.2018 12:36

Теміржолшылар қарияларды мерекелерімен құттықтады

Халықаралық қарттар күні 1991 жылдың 1 қазанынан бастап тойланып келеді және ол бір ай бойы атап өтіледі. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ -ның барлық «Жол бөлімшелері» филиалдарында алдыңғы буын өкілдеріне арналған түрлі іс-шаралар өткізіледі.

Қарттар күніне орай, Маңғыстау ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ ұйымы орталықтың зейнеткерлеріне мерекелік концерт пен ойындары бар салтанатты қонағасы ұйымдастырды. Жол бөлімшесінің басшылығы мен кәсіподақ комитеті жиналғандарды құттықтап, оларға денсаулық пен ұзақ өмір тіледі.

Ең белсенді қариялар Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің бастауыш кәсіподақ ұйымы және басшылығы ұйымдастырған волейболдан спорт жарыстарына қатысты. Байқаудың қорытындысы бойынша бірінші орынды - ҰТЖС ардагерлер командасы, екінші орынды - ШТЖБ ардагерлері командасы, үшінші орынды - жол бөлмшесі ардагерлері командасы алды. Сондай-ақ, Ақтөбе ЖТ бөлімшесінің басшылығы, кәсіподақ комитетінің өкілдері және Ардагерлер кеңесінің төрағасы үй-үйдегі ұзақ жасаушыларды құттықтап, оларға азық-түлік жинақтары мен естелік сыйлықтар табыстады.

Жамбыл ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитеті мен басшылығы зейнеткерлерді ерекше жылулықмен құттықтады. Оларға арнап дастархан жайып, мерекелік концерт ұйымдастырды.

Атырау ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитеті мен басшылығы аға буын өкілдерін назардан тыс қалдырмады. Олар еңбек ардагерлерінің, зейнеткерлердің үйлеріне барып, сыйлықтар мен азық-түлік жинақтарын табыстады.

Сондай-ақ Орал ЖТ бөлімшесі зейнеткерлерге сый көрсетті. Денсаулығына байланысты бөлімшедегі мерекеге келе алмаған үйдегі және Әлеуметтік тұрғын үйдегі зейнеткерлер, мүгедектер, егде жастағы жалғыз ерлі-зайыпты және отбасылы жұптарға барып қайтты.

Егде жастағы адамдар барлығына қамқорлықтары үшін алғыс білдіріп, егде жастағылар айлығын атап өтудің жақсы дәстүр екенін атап өтті.

Поделиться:
Популярные новости
18 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер