Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалын толық көлемде қамтамасыз етіп отыр
1168 / 11.10.2018 12:11

«ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік-маңызды жүктер тасымалын толық көлемде қамтамасыз етіп отыр

2018 жылдың 11 қазанында «Sputnik.kz» алаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Руслан Иманқұлов астықты үзіліссіз тұтынушыларға жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өткізді.

«Биылғы жылдың 9 айында артылған астық көлемі 7,8 млн тонна болса, бұл 2017 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 43% артық. Республика бойынша тасымалданған астық көлемі 1,9 млн тоннаны құраса, бұл өткен жылға қарағанда 3% көп екендігін көрсетті. Экспортқа 5,9 млн тонна астық жөнелтілді (2017 жылдың деңгейіне 64% қосылды). 2,3 млн тонна тартылған өнім артылса, соның ішінде 1,7 млн тоннасын экспорт құрап отыр», деп мәлімдеді Р.Иманқұлов.

Қазақстандық астық пен ұнды экспорттаудың дәстүрлі бағыттары Орталық Азия елдері, Иран, Ауғанстан, Қытай және Ресей болып табылады.

Толықтай алғанда 2018 жылдың соңына дейін 10,8 млн тонна астық тасымалдау көзделсе, бұл 2017 жылғы деңгейден 27% артты. Жоспарланып отырған тартылған өнімдерді арту көлемі 3,5 млн тонна, соның ішінде экспорт – 2,5 млн тоннаны құрап, өткен жылдың деңгейімен сәйкес келді.

Экспорттан өзге республикаішілік қатынаста жүк артылған өңірлер Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары болып табылады.

«Компанияда әлеуметтік-маңызды жүктерді дер кезінде жеткізіп беруге қажетті жеткілікті парк бар», деді Р.Иманқұлов және де көліктік қызмет сапасы ресурстарды тиімді пайдалаумен байланысты екендігімен түсіндірді.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Астықты тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі штаб жұмыс істесе, жедел астық топтары белсенді қимылдауда. Республиканың барлық өңірлерінде трейдерлермен, астық иелерімен жиі кездесулер өткізіліп тұрады.

Қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге алыс және жақын шет елдерге өз өнімдерін тасымалдауға жеңілдетілген тарифтік жағдай қарастырылған. Сонымен, бүгінгі таңда Ауғанстан мен Иранға арналған астық пен ұн тасымалына жеңілдетілген тарифтік жағдай белгіленген.

«Бұндай шаралардың барлығы елдің ішінде, сонымен бірге экспортқа әлеуметтік-маңызды жүктерді тасымалдау жөніндегі сапалы қызмет көрсетуге оңды ықпал жасайды», - деп атап кетті Р.Иманқұлов.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
143 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

242 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

93 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер