Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Елордалық депода қарттарға құрмет көрсетілді
1151 / 01.10.2018 09:39

Елордалық депода қарттарға құрмет көрсетілді

1 қазан - халықаралық қарттар күнінде «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында мерекелік кездесулер, қайырымдылық шаралар өткізілуде. Бүгін Астаналық эксплуатациялық локомотив депосы кәсіпорын мен теміржолдың дамуы үшін көптеген жылдар бойы жұмыс істеген бұрынғы қызметкерлер үшін ұйымдастырылған іс-шара өтті.


- Сіздердің жанкешті еңбектеріңіз бер шыдамдылықтарыңыз, еліміз бен теміржолдың соғыстан кейінгі дамуына қосқан үлестеріңіз үшін ризашылық сөздерімізді қабыл алыңыздар. Сіздер теміржолшылардың жас ұрпағы үшін жауапкершілік пен кәсібиліктің үлгісі болдыңыздар. Бұл күні біз қарттарға ерекше қамқорлық көрсетеміз. Сіздерге, аға буын өкілдеріне, барлық ұжым атынан денсаулық пен ұзақ өмір тілейміз, - деді Астаналық эксплуатациялық локомотив депосының директоры Мақсұт Ибраев.


№36 орта мектептің оқушылары мен болашақ теміржолшылар, Ақмола көлік және коммуникация колледжінің студенттері мерекелік концерт ұйымдастырды. Жан дүниені тебірентетін соғыс жылдарындағы әндер де орындалды. Қарттар да әртүрлі жылдарда рухтандырған әндерін орындады.


- Ардагерлер мен еңбек ұжымы арасындағы тығыз байланысты үзбей, қолдап отырғандарыңыз үшін үлкен рахмет. Бізге таныс электровоздардан қалғаны тек доңғалақтар ғана, ал қалғандары - жаңа электроника мен техника деп жиі қалжыңдаймыз. Осыған қарамастан, бізге әлі де жас ұрпақпен бөлісетін тәжірибе мен дағдылардың барына қуаныштымыз, - деді маневрлік локомотивтің бұрынғы машинисті, салаға 46 жылын арнаған Григорий Седеренко.


Астана эксплуатациялық локомотив депосының Ардагерлер кеңесі төрағасы Людмила Красноштанова, өздерінің ең жақсы жылдарын жанкешті еңбекке арнаған олар, өткенді еске алып, өздерінің қиын, бірақ жемісті өмірі туралы әңгімелегендерін атап өтті.

Поделиться:
Популярные новости
23 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

352 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

53 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер