Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ еңбек адамдарын марапаттады
1496 / 01.10.2018 09:34

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ еңбек адамдарын марапаттады

Еңбек күнін тойлау аясында теміржол көлігінде 40 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар, әріптестері мен басшылық арасында бедел мен құрметке қол жеткізген «ҚТЖ-жүк тасымалдау» АҚ-ның қызметкерлері марапатталды.


- Еңбек адамның беделі мен мәртебесін көтеру, отбасылардағы жұмысшылар әулеттерінің дәстүрлерін жаңғырту, еңбек өнімділігін ынталандыру және еңбек ұжымдарын біріктіру үшін кәсіби мереке - Еңбек күні бекітілді. «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының кәсіподақ комитеті «Теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің қазақстандық салалық кәсіби одағы» ҚБ-нің «Астана» филиалының атқарушы комитетінен көтермелеу үшін төрт үміткер ұсынды, - деп  хабарлады орталық аппараттың кәсіподақ комитетінің төрағасы Госман Тәженов.


Марапатталғандар арасында - өз саласының кәсіпқойлары, қазақстан темір жолы тарихында есімдері қалатын, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның мақтаныштары бар.


Вагон шаруашылығы басқармасының 1-ші деңгейлі менеджері Ақылбай Сағындықов теміржол көлігіндегі өз еңбек жолын жылжымалы құрамды жөндеуші слесарь ретінде бастады. Вагондар қараушысы, ТҚКБ шебері және бастығы, Целинный темір жолының вагон шаруашылығы қызметінің жетекші инженері, эксплуатациялық бойынша вагон депосы бастығының орынбасары, эксплуатациялық вагон депосының директоры, Вагон депосы департаменті директорының орынбасары болып қызмет атқарды. Ақылбай Сыздықұлы өзінің жемісті еңбек жолында бірнеше рет марапаттарға ие болды. Ол «Үздік басшы» құрметті атағымен, «Адал еңбегі үшін» және «Құрметті теміржолшы» құрмет белгілерімен марапатталған.


Жүк және коммерциялық жұмыстар департаментінің менеджері Айман Касенова теміржолға мектеп табалдырығын аяқтай сала Целинный темір жолының есептеуіш орталығындағы телеграфист лауазымына келді. Арнайы тасымалдаулар жөніндегі оператор, Ақмола жол бөлімінің кірме жолдар бөлімшесінің инженері, Жүк және коммерциялық жұмыстар департаментінің тасымалдауларды ұйымдастыру және шарттары бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды. Айман Казкеновнаға жемісті еңбегі үшін 2014 жылы «Адал еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.


Тартқыш жылжымалы құрамды пайдалану департаментінің 2 деңгейлі бас менеджері Серік Әбенов теміржол көлігіндегі мансабын 1982 жылы теміржол техникумын аяқтағаннан және армияда қызмет еткеннен кейін машинист көмекшісі қызметінен бастады. Целинный теміржол станциясының инженер-технологы, аға локомотив диспетчері және жедел үйлестіру жұмыстары бөлімі бастығының орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Статистика басқармасының бас ревизоры, « Локомотив» АҚ бөлімінің бастығы болып қызмет атқарды. Серік Кукашевич адал және жемісті еңбегі үшін «Адал еңбегi ушiн», «Кәсібі бойынша үздік», «Қазақстан темір жолына 110 жыл» құрмет белгілері мен атақтарымен марапатталды, сондай-ақ басшылық бірнеше рет құрмет грамоталарымен көтермеледі.


Технологиялық реттеу және мониторинг Департаментінің бас менеджері Темірлан Мұқановтың теміржолдағы жалпы жұмыс тәжірибесі 38 жыл, оның ішінде 21 жыл басшылық лауазымдарда. Өз еңбек жолын 1980 жылы Целинный теміржолының статистика қызметінің аусымды басқарушы техник лауазымынан бастады. Аға экономист, статистика қызметі бөлімінің бастығы, «Паркті басқару бойынша екінші мемлекеттік компания» МКД бөлімінің, «ҚТЖ» ҰК» ЖАҚ тасымалдау департаментінің, Тасымалдау үрдісін модельдеу басқармасының Жоспарлау және стандарттау департаментінің бастығы болып жұмыс істеді. Бағлан Қабышқызы «Үздік маман» белгісімен, «Қазақстан Темір жолына 50 жыл» медалімен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.


Қазақстанда 2014 жылдың қыркүйек айының соңғы жексенбісінде Еңбек күні атап өтіледі. Мерекенің басты мақсаты - жастар арасында жұмысшы мамандықтарды насихаттау және Мемлекет басшысының Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамын құру идеясы шеңберінде жұмысшы әулеттердің ұзақ уақытқа созылған дәстүрлерін нығайту.


Поделиться:
Популярные новости
34 / 17.05.2024

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Адамдар біз үшін басты құндылық! Сондықтан еңбек қауіпсіздігі мәдениетін үздіксіз жетілдіру-басқарудың барлық деңгейлеріндегі әрбір басшының мін...

227 / 06.05.2024

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен және Жеңіс күнімен құттықтаймыз! Әрбір ер адам өз Отанының, отбасының қорғаушысы. Осы күні нағыз ер азаматты...

167 / 22.04.2024

Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге теміржол көлігімен 964 бірлік мамандырылған техника жеткізілді.

Қазақстан аймақтарына су тасқынына қарсы арнайы техниканы жедел жеткізуді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС ұйымдастырды. Бұл ауқымды іс-шара П...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер