Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол шекаралық өткелдері арқылы жүк тасымалдау көлемі өсудеқылы жүк тасымалдау көлемі өсуде
1399 / 28.09.2018 09:15

Қазақстан мен Қытай арасындағы теміржол шекаралық өткелдері арқылы жүк тасымалдау көлемі өсудеқылы жүк тасымалдау көлемі өсуде

2018 жылдың 24-27 қыркүйегінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы шекаралық темір жолдарының аралас комиссияларының кезекті 27-ші отырысы өтті. Кездесу барысында өткен кезеңдегі жұмыстар қорытындыланды. Халықаралық тасымалдау саласында және тараптардың ынтымақтастығы туралы пікірлер алмасылды.


Іс-шара барысында соңғы жылдары халықаралық тасымалдауды дамыту және шекаралық станциялардың тасымалдау қуаттылығын арттыру, сондай-ақ Қытай-Еуропа және Қытай-Орталық Азия контейнерлік пойыздарының ара-қатынасын ұйымдастыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды.


2018 жылы ҚР мен ҚХР арасында темір жол шекарасы арқылы өтетін жүктерді тасымалдау көлемі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда артты. 2018 жылы ТЖЫҰ-ның жүк тасымалдау жоспарын 14 645 млн. тонна көлемінде орындау күтілуде.


Осы мақсатта қызметтердің сапасын көтеру және экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдарды тарту жолымен жүк тасымалдаулар маркетингін ұйымдастыруды және жүк ағымдарын ұйымдастыруды күшейту бойынша шаралар қабылданатын болады.


2018 жылдың 8 айындағы ағымдағы жағдаятты ескере отырып, Қазақстан мен ҚХР теміржол шекаралық өткелдері арқылы жүктерді тарту және 2019 жылы 15,7 млн. тонна көлемінде тасымалдау көлемін арттыру бойынша бірлескен шаралар қабылданатын болады.


Қазақстан мен Қытай шекаралық теміржол өткелдерінің өткізу қабілеттілігін тиімді пайдалану, шекаралық станциялар арқылы импорттық және экспорттық жүктерді бірыңғай тасымалдауды жүзеге асыру мақсатында Қытайлық тарап Алтынкөл - Қорғас шекаралық өткелі арқылы Өзбекстан, Тәжікстан және Оңтүстік Қазақстаннан жүктерді тартуды ұсынды.


Қазақстан мен ҚНР шекаралық темір жолдарының аралас комиссияларының 27-ші кезекті отырысының қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылды.


Құжатқа «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы Қ.Саурбаев және Үрімші темір жолының басқарма төрағасы Ч. Хайтао қол қойды.

Поделиться:
Популярные новости
154 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

286 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

128 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер