ҚТЖ локомотив бригадаларына арналған 13 демалыс үйін жаңартты
2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы а...
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның орталық аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің алдын алу шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Оның жұмысына Ақмола көлік прокуратурасы, «Нұр Отан» партиясы, Астана қаласы бойынша ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентті департаменті, Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Ұлттық бюро департаментінің өкілдері қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты теміржолшылар тарапынан сыбайлас жемқорлықтың жол берілуін болдырмау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы төзімді қатынасты ендіру.
Корпоративтік қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі бас директордың орынбасары Әділжан Исмұхамбетов акционерлік қоғамда жемқорлыққа қарсы саясат біртіндеп жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал ететін шаралар анықталған 2017-2018 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспары 85%-ға орындалды. Ашық және кедергісіз байланысқа мүмкіндік беретін кері байланыс арналары құрылды. Сайтта сенім телефоны орналастырылды, «Сұрақ-жауап» бөлімі ашылды. Іскерлік этика кодексінің талаптарының сақталуына мониторинг жүргізіледі.
Құрылымдық бөлімшелерде, оның ішінде оның филиалдарында бос орындарға конкурстық іріктеу рәсімдерінің ашықтығы қамтамасыз етіледі. Электрондық сатып алу «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның бірыңғай электрондық сатып алу порталында жүзеге асырылады, бұл сыбайлас жемқорлықты тудыратын жағдайларды барынша азайтуға мүмкіндік береді.
- Барлық жасалынатын келісім-шарттарға сатып алу қорытындылары бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тармағы енгізіліп, келісімшарт тараптарына сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеуге міндеттейді – деп атап өтті өндірісті қамтамасыз ету жөніндегі бас директордың м.а. орынбасары Айдын Құдайбергенов.
Адами факторды жоққа шығару үшін жүк қозғалысына жаңа технологиялар енгізіледі. Атап айтқанда, «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс», «Энергодиспетчерлік күш» автоматтандырылған басқару жүйесі өз тиімділігін дәлелдеді. Олар туралы «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ цифрлық технологиялар департаментінің директоры Ирина Савушкина.
- Қағазсыз технологиялар жемқорлық көріністерін жоққа шығаратын үдерістерді айқын етуге мүмкіндік береді, - деді ол.
Дөңгелек үстел нәтижелерін қорытындылай келе, Әділжан Исмұхамбетов сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау үшін бірінші басшылардың жеке жауапкершілігін күшейтуді еске салды.
Осындай кездесулер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның барлық филиалдарында өтеді.
2025 жылы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС әлеуметтік бағдарламасы аясында 15 нысанда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға ...
Жаңа жыл қарсаңында «ҚТЖ–Жүк тасымалы» ЖШС басшылығы қайырымдылық акциясын ұйымдастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға сый...
Ағымдағы жылдың 17 желтоқсанынан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарушы директорының - «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалы – &la...