Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Бүкіл ел бойынша теміржол қызметкерлері темiржол жолдары бойындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізуде
1434 / 26.09.2018 14:31

Бүкіл ел бойынша теміржол қызметкерлері темiржол жолдары бойындағы бұзушылықтардың алдын алу бойынша акция өткізуде

Жыл басынан бері «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның аймақтық және желілік деңгейдегі қызметкерлері уәкілетті органдармен бірлесіп теміржолдардағы жарақаттануды азайту мақсатында жарақаттанудың алдын-алу іс-шараларын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 8 айында локомотив бригадалары соқтығысуды болдырмау бойынша 1700-ден астам шұғыл тежеуішті қолданды.

- Теміржолда адамдардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойыншаіс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде көліктік прокуратура, полиция, ҚР ИДМ аумақтық көліктік бақылау органдары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен Үйлестіру кеңесінің 42 отырысы өтті, - деп хабарлады «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев.

Жыл басынан бері темір жолдарда орналасу ережелері бойынша елді мекендердің тұрғындарымен 1600-ден астам кездесу ұйымдастырылды. Дәрістерді шамамен 40 мың азамат тыңдады. Түсіндірме жұмыстары оқу орындарында да өтеді. Акция барысында теміржолшылар теміржолға жақын жерлердегі жол ережелерін сақтауға шақырды.

- Біз бірер секунд үнемдеймін деп өз өмірін жоғалтып алуға болатындығы туралы айтамыз, - дейді ол. – Теміржол өткелдеріндегі негізгі тәуекел тобына жататын жүргізушілер жолдың күрделі учаскелерін қауіпсіздендірілуіне көбірек көңіл бөлуі керек. Және бұл үшін олар тек жол ережелерін біліп  және қатаң ұстануы ғана керек. Теміржол жолдарын тек белгіленген және жабдықталған жерлерден,  жақындап келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізіп немесе рұқсат етілген өткел дабылының сигналына ғана өтуге болады.

Аймақтық деңгейдегі бірінші басшылардың қауіптілігі жоғары аймаққа кірудің алдын-алу, сондай-ақ теміржол жолдарында жүрудің ережелері бойынша БАҚ-да сөз сөйлеулер ұйымдастырылды.

Бұдан басқа, жолдар арқылы халықтың өтетін жерлерінде 1212 ескерту белгілері мен 423 аншлагтар қайта жаңартылды.

Сондай-ақ теміржолдағы адамдардың қауіпсіздігін жақсарту шеңберінде әлеуметтік желілерде және «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ сайтында екі тілде бейнеролик әзірленді.

- Әуесқой автомобильшілер мен халық үшін 5 дизайн нұсқасының буклеттері басып шығарылды. Теміржолд жолдарында адамдарды басып кету жағдайларының саны бойынша елдің қызыл аймақтарында орналасқан өңірлерінде (Алматы, Түркістан, Тараз, Шымкент, Қарағанды және Астана) көрнекі құралдар таратумен ақпараттық науқан өткізу жоспарланып отыр. Бұл акция өткен аптада Астанада бастау алды, - деді ол.

Теміржолшылар азаматтарға теміржол жолдарына жақын жерлерде мұқият болуға, жол ережесін сақтауға шақырды.

Поделиться:
Популярные новости
2 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

294 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

39 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер