Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Тасымалдау үдерісіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдаулардың өсуін қамтамасыз етеді
1684 / 21.09.2018 15:00

Тасымалдау үдерісіндегі қатысушылардың өзара іс-қимылы Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік тасымалдаулардың өсуін қамтамасыз етеді

2018 жылдың 17-18 қыркүйегінде Потсдам қаласында (Германия) Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздарды тасымалдау жөніндегі бірлескен жұмыс тобының үшінші отырысы өтті.

Кездесуге Қазақстан, Қытай, Беларусь, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей теміржол әкімшіліктерінің өкілдері қатысты.

Жұмыс тобының мүшелері 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында Қытай-Еуропа бағытында контейнерлік пойыздармен тасымалдауларды ұйымдастыру жұмыстарының қорытындысын шығарды. Қытай-Еуропа бағытында контейнерлік тасымалдардың өсімі байқалды. Бұған тасымалдау процесіне қатысушылардың барлығының белсенді жұмысы ықпал етеді.

Кездесу барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас директорының орынбасары Сағындық Жұмабаев «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның көліктік дәліздерді одан әрі жаңғырту, тасымалдаудың географиясын кеңейту және көлемін кеңейту жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, С.Жұмабаев серіктестердің күш-жігерін шоғырландыру контейнерлік және транзиттік тасымалдардың өсуін, ақпараттық жүйелерді оңтайландыруды, Қытай-Қазақстан-Еуропа бағыты бойынша теміржол арасындағы электрондық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ, кездесуге қатысушылар Қытай, Беларусь, Германия, Қазақстан, Монғолия, Польша және Ресей темір жолдары арасындағы Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісімге Австралия, Латвия және Литва теміржолдарының қосылуы мәселесін қарастырды. Келісімге үш жаңа ел-қатысушылардың қосылу туралы шешім 2019 жылдың сәуір айында Қазақстанда өтетін Бірлескен жұмыс тобының төртінші отырысында қабылданады.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Оңтайландырылған бірігу схемалары бойынша құрамдарды құрумен Қытай-Еуропа бағытындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру кезінде өзара ынтымақтастық тәртібі, Технологиялық қиындықтар туындаған кезде өзара ақпарат пен өзара іс-қимыл тәртібі бекітілді.

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

30 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер