Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Мерейтойымен құттықтады
1749 / 21.09.2018 14:55

Мерейтойымен құттықтады

Өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология департаментінің 1-ші деңгейдегі менеджері Светлана Сыдықова өзінің мерейтойын атап өтті. Оның әріптестері мен достары оны осы атаулы мерекесімен құттықтады. Ол кәсіби және өмірлік тәжірибені біріктіретін жасқа жетті. Светлана жоғары талаптары, ұйымшылдығы, ізгілігі және қайырымдылығымен ерекшеленеді.

«КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев, Светлананы құттықтай отырып, оған жоспарланған барлық жоспарлары мен іс-шараларының жүзеге асырылуын тіледі.

- Светлана маңызды учаскеде еңбек етеді. Ол қоршаған ортаны қорғауға жауапты, - деді ол.

Светлана білім бойынша инженер-технолог. Техника ғылымдарының кандидаты. Ол 10 жылдан астам уақыт бойы университетте сабақ берді. Темір жолға 14 жыл бұрын келді. Стандарттау және экология мәселелері бойынша «Локомотив» АҚ-ның ИСО стандарттарын енгізу бөлімінде жұмыс істеді. Бүгінгі күні экология мәселелері оның құзыретіне кіреді. Бұл жұмыс үнемі білімді жетілдіруді, жан-жақтылықты, басшылық пен мүдделес адамдармен өзара түсіністікті талап етеді. Эколог қоршаған ортаны қорғау саласында қолданыстағы заңнамалық актілерді, стандарттар, зиянды өндіріс факторларына қатысты еңбек туралы заң нормаларын үнемі бақылауды жүзеге асырады. Светлана қоршаған ортаны қорғау іс-шараларын талдайды, қоршаған ортаны қорғауды жақсарту бойынша шаралар жоспарын әзірлейді. Өзінің жауапты саласында жоспарлау мен бюджеттеуге жауапты.

- «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ экологияға көзқарас өзгерді. Өндірістік қалдықтар мен тұтыну қалдықтарын қайта өңдеу уақтылы жүргізіледі. Филиалдардың аумағы санитарлық және экологиялық талаптарға сәйкес сақталады. Бұл бақылау тұрақты, - дейді ол.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қалалық қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтардың қайта пайдаланылатын фракциялары: шыны, пластик, алюминий ыдыстар, қағаз және картондарды қайта өңдеу жоспарлануда. Бұл талаптар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 292-бабында белгіленген.

Биылғы жылы 2,5 мыңнан астам қызметкер өнеркәсіптік қауіпсіздік пен экология бойынша қызметкерлердің біліктілігін көтеруден өтті. Радиациялық қауіпсіздік бойынша оқыту жоспарлануда.

Светлана әйел үшін ең бастысы - отбасы, онсыз кәсіби өмірі де толық қанағаттанбайды деп есептейді.

Светлана Оспанқызы, Сізге туылған күніңізде зор денсаулық, сарқылмас жігер, жаңа идеялар мен олардың іске асырылуын, отбасылық бақыт тілейміз!

Поделиться:
Популярные новости
10 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

278 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

63 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер