Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Көмір мәселесне - жан-жақты шешім
1294 / 19.09.2018 08:41

Көмір мәселесне - жан-жақты шешім

«ҚТЖ» ҰК »АҚ халықтың қажеттіліктері үшін көмір тасымалдау ырғағын қамтамасыз етуде. Станцияларға, теміржол бөлімшелеріне көмірді жеткізудің,  көмір қоймаларында қатты отынның болуына күнделікті мониторингті компанияның қызметттері жүзеге асырады.

Ағымдағы жылдың тамыз айында 9 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1 млн. тоннаға артық, оның ішінде Қазақстан ішінде - 6,3 млн. тонна. Осылайша, өткен жылмен салыстырғанда өсім 9% құрады.

Жалпы, соңғы төрт айда халыққа және коммуналдық ұйымдарға 3,4 миллионнан астам тонна жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 780 мың тоннаға көп.

Сандар мен фактілер

Осылайша, Ақмола облысына 470 мың тоннадан астам жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 195 мың тоннаға артық, Шығыс Қазақстан облысына шамамен 430 мың тонна (+166 мың тонна), Алматы облысына – шамамен 700 мың тонна (+230 мың тонна) , Қарағанды облысына - 460 мың тоннадан астам (+255 мың тонна), Оңтүстік Қазақстан облысына - 600 мың тоннадан астам, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 150 мың тоннаға артық.

2018 жылдың 1 қыркүйегіндегі ахуал бойынша жылу электр станцияларында күнделікті көмір қоры Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі бекіткен стандарттардан асып түседі.

- 2018 жылдың басынан бастап темір жолмен 66 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды. Ел ішінде шамамен 46 млн. тонна тасымалданды, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5% артық, - дейді - «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ басқарма төрағасы - бас директорының м.а. Қайрат Саурбаев.

Оның айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көмірді Қазақстанның өңірлеріне тасымалдауды қамтамасыз ететін жеткілікті вагондарға ие. Сонымен қатар, жазғы уақытта көмірді теміржолмен тасымалдау тарифі көтерілмеді.

- Ең бастысы, көмірді тұтынушыларға тұрақты жеткізу үшін жүк жөнелтушілер белгілі бір аймаққа бағдарлы жүктемені уақытында жоспарлауы тиіс. Бұл қатты отынды тасымалдау ырғақтығын қамтамасыз етеді және күзгі маусымдағы дүрбелеңнен құтылуға жол береді », - деп түсіндірді Қайрат Саурбаев.

Шындығында, көмір сияқты әлеуметтік маңызы бар жүктерді тасымалдау компания үшін мемлекет алдына қойылған басым міндеттердің бірі болып табылады. Ал компания жүктерді толық көлемде тасымалдау жоспарын орындайды.

Ашық вагондар паркі

Бүгінгі күні компания тасымалдаулардың жарияланған көлемінің талаптарын қанағаттандыру үшін жылжымалы құрамның жеткілікті санына ие.

Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша әртүрлі меншік иелерінің 54 мыңға жуық ашық вагоны, «Қазтеміртранс» АҚ паркінде 51% немесе 27260 жартылай вагон іске тартылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4000-ға көп.

Сонымен қатар, 29 мың жартылай вагон көмір тасымалдауды қамтамасыз етуге тартылды.Оның ішінде 15 000 жартылай вагон «KTZ Express» АҚ-ныңкі және 14 мың вагон басқа меншік иелерініңкі, соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау үшін 9000 жуық вагондар.

Бұдан басқа, көмір тасымалдау кезінде жылжымалы құрамның жетіспеушілігін болдырмау мақсатында, көмір разрездеріне «KTZ Express» АҚ еншілес компаниясы басқаратын вагон паркін бекітті. Осылайша, «Шұбаркөлкөмір» разрезіне 3000, «Қаражыра» разрезіне - 2300 жартылай вагон, «Богатырь Көмір» разрезіне 2000-нан астам жартылай вагондар бекітілді.

- Жартылай вагондарды қозғалыс кезінде, сондай-ақ бастапқы және соңғы операцияларда (жүк операцияларында) тиімді пайдалануды бақылау орнатылды. Ағымдағы жылдың 8 айында жұмыстарды талдау кезінде вагондардың жүк айналымы 3,5 тәулік, ал кірме жолдарда (жүк операциялары кезінде) 2,5 күн құрайтыны анықталғанын айта кету керек. Осылайша, жүк операция кезінде вагондар айналымының жоғалуы болады, - деді Қайрат Саурбаев.

Тарифтер

Көмірді теміржол көлігімен тасымалдау тарифтері туралы айтатын болсақ, вагон иелері  мөлшерлемесін есепке алмағандағы көлік құрауышы мақсатты станциялардағы көмірді сату бағасының орташа есеппен шамамен 7% -ды құрайды.

Жылыту маусымы қарсаңында көмірді сату нарығында бөлшек бағалардың жасанды өсуі байқалатынын айта кету керек. Бұл ең алдымен, өндірушілер мен көмір өнімдерінің түпкі пайдаланушылары арасында делдалдық компаниялардың (дилерлер) болуымен байланысты.

- Сонымен бірге, Шұбаркөл көмірінің бір тоннасын «ҚТЖ Экспресс» АҚ басқаратын вагондардағы тасымалдау құрамының құны өткен жылмен салыстырғанда тоннасына 82 теңгеге артып, тоннасына 1720 теңгені құрады, - дейді Қайрат Саурбаев.

Жұргізіліп жатқан жұмыстар

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау бойынша штаб құрылды, жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ вагондардың айналымын орындау бойынша күн сайынғы мониторинг орнатылды, сондай-ақ ЖЭС мен МАЭС қоймаларында қалған қатты отын қорына халықта көмірдің болуына мониторинг бойынша күнделікті қадағалау орнатылды.

Бұдан басқа, жыл бойы көмір тасымалдау көлемін біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңге арналған жүктемені азайту мақсатында компания 3-4 тоқсаннан екінші тоқсанға жүктеме көлемін бөлу бойынша көмір разрездерінің қатысуымен ҚР облыстары әкімдіктері жанынан кездесулер ұйымдастырды. Осы кездесулердің нәтижесінде облыстық әкімдіктер мен көмір шахталары көмірді тиеу көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер қабылдады. Компания өз тарапынан жеткілікті вагондар санымен қамтамасыз ету бойынша міндеттеме алды.

- Жылу беру маусымына дайындық кезінде коммуналдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау көлемін 28 пайызға ұлғайту туралы бұрын жарияланған сандар атқарылған жұмыстың нәтижелерін көрсетеді, - деп Қайрат Саурбаев жетістіктерімен бөлісті.

Әрі қарайға іс-қимылдарды үйлестіру мақсатында ағымдағы жылдың тамыз айында көмір жөнелтушілермен кездесу өткізілді, онда күзгі-қысқы кезеңге арналған трафиктің көлемі, сондай-ақ шешімін таппаған проблемалық мәселелер талқыланды. Жүк жөнелтушілермен өткен кездесуден кейін осы жылдың аяғына дейін тасымал көлемін орындау бойынша мақсат хаттамаларына қол қойылды.

"Қазақстан теміржолшысы" газеті

Поделиться:
Популярные новости
16 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

335 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

46 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер