Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өкілдері «Көлік және логистика» халықаралық көрмесіне қатысады
1774 / 18.09.2018 16:49

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ өкілдері «Көлік және логистика» халықаралық көрмесіне қатысады

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ жүк тасымалдарындағы тасымалдау процесін ұйымдастыру тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар жобаларды жүзеге асырады. Бұл туралы бүгін халықаралық көлік жүйелерін, мультимодальді тасымалдауларды дамыту саласындағы заманауи қауіп-қатерлерге және шешімдерге арналған «Көлік және логистика нарығы» атты бірінші халықаралық конференцияда «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның кешенді жоспарлау жөніндегі атқарушы директоры Сарсебек Джапаров айтып берді.

«Бірыңғай терезе» қағидаттарына негізделіп құрылған «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» автоматтандырылған басқару жүйесі (ККЖ АБЖ) өз тиімділігін дәлелдеді. Қазіргі уақытта жүйе 20 000-нан астам жүк жөнелтушілерді тіркеді. ККК АБЖ жұмысына 5 мыңнан астам жұмысшы тартылды, олар тасымалдауды ұйымдастыру жұмыстарымен тікелей байланысты. Жүйе 456 станцияға ендірілді.

- Интернет желісіне қол жеткізе алатын жүк жөнелтуші тасымалдауды жоспарлай, өтінім бере, және бекітілген өтінім негізінде тасымалдау құжатын рәсімдей алады», - деді С.Жапаров.

Ағымдағы жылдың аяғына дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Қазақстан Республикасы ішінде және одан тыс жерлерде тасымалдауды ұйымдастырудың қағазсыз құжат айналымын енгізу жобасын іске қосады. Атап айтқанда, келісім шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы көмір бағытындағы қағазсыз тасымалдау жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, «Электрондық пойыз» жобасы іске асырылуда, бұл Қытай-Қазақстан-Еуропа бағытындағы теміржолдар арасындағы электрондық өзара іс-қимылды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында тасымалданған жүк көлемі барлық қатынас құралдарының түрлерінде 185 млн. тоннадан асты, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% артық. Осы кезеңдегі жүк айналымы 143 млрд. ткм асты, бұл 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10 миллиард ткм. артық.

2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында теміржол контейнерлерімен тасымалданған жүк көлемі 538 мың ДФЭ құрады, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38% -ға артық.

Конференция Алматыда Қазақстан, ТМД және Балтық елдерінің көлік саласы үшін өткізілетін «Көлік және логистика» дәстүрлі халықаралық көрмесінің аясында өткізілді.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлік қызметкерлерінің одағы, Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар операторлары қауымдастығының, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылды.

«Көлік және логистика» көрмесі 20 қыркүйекке дейін жалғасады.

Поделиться:
Популярные новости
/ 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

23 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

24 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер