«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ орталық аппаратының кәсіподақ комитеті Арнайы және әскери тасымалдау қызметінің 2-ші деңгейлі менеджері Лязат Қабақованы зейнеткерлік демалысқа шығарып салды.
ЖТ кәсіподақ комитетінің төрағасы Госман Тәженов оны зейнеткерлік демалысқа шығуымен құттықтап, денсаулық, бақыт және амандық тіледі. Ол оның көптеген жылдар бойғы адал еңбегі мен теміржолдың дамуына қосқан үлесін атап өтті.
Кәсіби комитеттің мүшесі Ольга Суздареваның айтуынша, Ляззат Қабакова жас теміржолшылар буынына үлгіге айналды. Ол еңбекқорлығы, өз міндеттеріне жауапкершілігімен ерекшеленетін.
Лязат Кабакова 36 жыл бойы магистральдарды дамытуға жемісті үлес қосқанын айтты. Ол әрқашан күрделі және жауапты учаскелерде жұмыс істеді, және ерлердің жұмысы деп есептелінетін қызметтерді лайықты атқарды. Ол өзінің еңбек жолын Защита станциясының тауар кассирі болып бастады. Целинный темір жолының станция кезекшісі, техникалық бөлімшенің инженері болып жұмыс істеді. 13 жылдан астам уақыт «ҚТЖ» ҰК» АҚ филиалының қозғалыс қауіпсіздігі бөлімшесінде, алты жыл Арнайы және әскери тасымалдау жөніндегі қызметте қызмет етті. Оның еңбегі бірнеше рет Инвестициялар және даму министрінің құрмет грамотасы, «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» белгісімен марапатталды.
Құзыреттілік, борыш сезімі және өзіне деген жоғары талап Лязат Кабаковаға әріптестерінің арасында лайықты беделге ие болуға мүмкіндік берді.
- Біздің жұмысымызда бастысы - басшылық нұсқауларын қатаң ұстану және темір әскери тәртіпті сақтау, - дейді ол. - Мен нақты істер атқарып, ауқымды тапсырмаларды шеше алатын ерлер ұжымында жұмыс істегенді ұнататынмын. Мен үшін теміржолшылар - ерекше, қарапайым, шынайы және мықты адамдар.
Лязат Кабакова екі баланы тәрбиеледі.
Ол пенсияға шыққаннан кейін отбасылық кітапханадан кітаптарды қайтадан оқып, тігін тігу және тоқыма тоқуды жоспарлап отыр. Ал демалыс күндері немерелерімен бірге өзінің сүйікті спорт түрі - велосипед теуіп, саябақта уақыт өткізеді.
- Өмірде бастысы адамдарды кемшіліктеріне қарамастан шын болмысымен қабылдау, отбасын, әріптестерін және жұмысын жақсы көру», - дейді ол.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...