Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар темір жол маңыңда аса сақ болуға шақырады
1669 / 20.09.2018 15:31

Теміржолшылар темір жол маңыңда аса сақ болуға шақырады

Үстіміздегі жылдың 20 қыркүйегі күні темір жол өткелі мен «Нұрлы жол» вокзалында темір жолда басылып қалудың алдын алу бойынша ақпараттық акция өткізді. Акция барысында локомотив машинистері мен машинистер көмекшілері көлік жүргізушілері мен жолаушыларға темір жолда жүру ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп, сондай-ақ, арнайы жадынамалар таратты.

Теміржолшылар алаңдаулы: автокөліктің пойызбен соқтығысуы – қозғалыс қауіпсіздігіне аса қауіпті. Биылдың өзінде, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ деректері бойынша, үстіміздегі жылдың 8 айында локомотив бригадаларымен басып кетудің алдын алуға қатысты 1700-ден астам шұғыл тежегіш басылған. Жыл сайын темір жол өткелдерінде орташа алғанда шамамен 20 бақытсыз оқиға болып, жүзден астам адам басылып қалған. Әлбетте, әрбір адам қауіпсіздіктің қарапайым ережелерін сақтар болса, мұндай оқиғалардың бірде бірі болмас еді.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ өндірістік қауіпсіздік жөніндегі атқарушы директоры Айтым Құрақбаев атап өткендей, темір жолдағы бақытсыз оқиғалардың басым бөлігі, азаматтардың мас күйде жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтуінен немесе құлаққаппен музыка тыңдап, қауіпті жолдан өтерде телефонмен сөйлесуінен болып отыр.

«Жыл сайын темір жолда бақытсыз оқиғалардың алдын алу үшін біз, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған ұйымдастырушылық-профилақтикалық шаралар кешенін жүргіземіз. Мәселен, жыл басынан бері жергілікті тұрғындармен 1600-ден астам кездесу өткізіліп, темір жолдарда жүру ережелері түсіндірілді. Лекцияларды 30 мыңнан астам адам тыңдады. Оқу орындарында түсіндіру жұмыстары жүргізілді», – дейді ол. 

Астана локомотив пайдалану депосының бастықтың орынбасары Александр Недюжин, темір жолда пойызбен соқтығысудың алдын алу мүмкін еместігін айтады.

– Бір сәтте тұтас құрамды бірден тоқтату мүмкін емес. 60-80 км/сағат жылдамдықпен келе жатқан пойыздың тоқтату үшін, 600-800 метр қажет, – дейді ол.

Акция ұйымдастырушыларының айтуынша, бір минут бұрын өткен қасында тұрған адамдар немесе автомобильдер кенеттен пойыз жолына шығып кетсе, үлкен бәлеге ұшырауы мүмкін.

Автожүргізушілер тарапынан жайсыздыққа әкелген оқиғалар болыпты: локомотивтер немесе вагондардың жолдан шығып кетуі, темір жолдардың зақымдануы. Мұнымен қатар, өткелде соқтығысу локомотив бригадалары қызметкерлерін күйзеліске әкеледі.

Теміржолшылар қазақстандықтарды темір жол маңайында аса сақ болуға, жол ережелерін сақтауға, темір жолды белгіленген және жабдықталған жерлерден, келе жатқан пойыздың жоқтығына көз жеткізе отырып немесе өткел сигнализациясының рұқсат белгісі берілгенде ғана өту керек.

«Өткелге дейін тоқта», «Артық қадам – артық проблемалар», «Жүргізуші, пойызды жібер!» сияқты ақпараттық буклеттерді таратқан мұндай акциялар «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «Жол бөлімшелерінің» барлық филиалдарында өтеді.



Поделиться:
Популярные новости
27 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

31 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

54 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер