Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар «Мектепке жол!» қайырымдылық акциясына қатысады
2098 / 29.08.2018 18:40

Теміржолшылар «Мектепке жол!» қайырымдылық акциясына қатысады

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ барлық филиалдарында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізілді. Іс-шара жыл сайын жол бөлімшелерінің басшылары мен кәсіподақтарымен бірлесіп өткізіледі.

Акцияның мақсаты - табысы аз және көп балалы отбасылардан шыққан балаларға мектепке дайындықта материалдық көмек көрсету.

Алматы және Қызылорда бөлімшелерінде балаларды алдағы оқу жылымен құттықтап, оларға оқуда сәттілік және мықты денсаулық тіледік. Балаларға оқушылар сөмкесімен бірге оқу үшін қажеті бар кеңсе жабдықтары: дәптерлер, күнделіктер, сурет салуға арналған альбомдар, қаламдар, фломастерлер табысталды.

Биылғы жылы бірінші сыныпқа баратын балаларға жылы құттықтау сөздер айтылды. Осылайша, Павлодар бөлімшесінің кәсіподағы 200-ден астам бірінші сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті, Жамбыл ЖТ бөлімшесінің кәсіподақ комитеті балаларға мектеп формасын сатып алды.

«Мектепке жол» дәстүрлі республикалық қайырымдылық акциясы 1 тамызда басталды. Ол 2018 жылдың 30 қыркүйегінде аяқталады.

Поделиться:
Популярные новости
30 / 11.09.2026

Темір жол әкімшіліктерінің сарапшылар кеңесі

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Тарифтік саясат департаменті қызметкерлерінің төрағал...

477 / 10.08.2026

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру талқыланды

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де темір жол жүк тасымалдары саласында «Заң және тәртіп...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер