Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшылар көмір тасымалдау мөлшерлемесін көтермейді
1699 / 28.08.2018 12:23

Теміржолшылар көмір тасымалдау мөлшерлемесін көтермейді

2018 жылдың басынан бастып «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісі арқылы 65 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды. Соның ішінде: республикалық деңгейде 45,1 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл 2017 жылға қарағанда 0,4% -ға жоғары, коммумалдық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін - 5,5 млн. тонна көмір жеткізілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 12% артық.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 106,5 млн. тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, оның ішінде тұтынушыларға - 71,9 млн. тонна, бұл 2017 жылғы тасымалдау көлемінен 3,5%-ға жоғары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәлімделген көлемді тасымалдау үшін жылжымалы құрамның жеткілікті санына ие. Әр түрлі меншік иелерінің 54 мыңға жуық жартылай вагондары іске тартылды. Коммумалдық-тұрмыстық көмірді тасымалдау үшін шамамен 9 000 жартылай вагон қолданылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен жыл бойы көмір тасымалдау көлемін біркелкі бөлу және күзгі-қысқы мезгілге жүктемені төмендету мақсатында көмір разрездерінің қатысуымен облыс әкімдіктерінің жанында кездесулер өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір разрездері көмірді тиеу көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер қабылдады. Нәтижесінде отандық көмір тасымалдау көлемі 31% -ға артты. Сондай-ақ, жүк-көмір жөнелтушілермен  кездесулер өткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тасымалдау көлемін орындау ниеті туралы хаттамаға қол қойылды, және сондай-ақ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон паркін пайдалану мөлшерлемесінің артпайтынына кепілдік береді.

Компанияда көмір тасымалдау бойынша штаб-пәтер ұйымдастырылды, жүк жөнелтушілердің өтінімдерін қамтамасыз ету, сондай-ақ вагондар айналымын орындау бойынша күнделікті бақылау орнатылды. ЖЭС және МАЭС қоймаларындағы қатты отын қорының қалдықтарына, сондай-ақ халықтың көмірмен қамтамасыз етілуіне күн сайынғы мониторинг жүргізілуде.

Поделиться:
Популярные новости
19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер