Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа егістіктің астығы пен ұнын уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді
1682 / 27.08.2018 18:21

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жаңа егістіктің астығы пен ұнын уақтылы тасымалдауды қамтамасыз етеді

Шымкентте «ҚТЖ» ҰК» АҚ, мемлекеттік құрылымдардың, «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасы филиалының, астық компанияларының өкілдерінің қатысуымен жаңа астықты тасымалдауды уақтылы ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

2018 жылдың 7 айында 6 млн. тоннадан астам астық тасымалданды, бұл 2017 жылғы көрсеткішке қарағанда 45% -ға жоғары, ұн және тартылған өнімдер - 1,9 млн. тонна, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 4% артық.

Биылғы жылы жүктеме көлемі РФ бағытында 76%-ға, Грузия, Әзірбайжан - 200%, Белоруссия, Украина, Балтық елдеріне - 31%, Орталық Азия елдеріне - 46%, Иран - 150%, Ауғанстан - 38%, Қытай - 61% артты. 2018 жылы шамамен 10,5 млн. тонна тасымалдау жоспарлануда.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Мұхтар Жамбылов «ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк жөнелтушілердің өтінімдерін толық көлемде орындау бойынша барлық шараларды қабылдайтынын атап өтті.

«Вагондар айналымына бақылау орнатылды, бұл вагондардың қолданыстағы паркін қосымша қозғалмалы құрамды тарту қажеттілігінсіз арттырады. Егер астық тасымалдағыш айналымын бір күнге ғана қысқарсақ, жылжымалы құрамның үнемдеуі 569 астық тасымалдаушыға жетеді», - деді М.Жамбылов.

Вагондардың жетіспеушілігінің негізгі себебі өтінім берудің біркелкі еместігі және жүк жөнелтушілердің кінәсі бойынша жүк тиеу/түсіруді күту кезінде станциялар мен кірме жолдарда вагондардың ұзақ тұрып қалуы болып табылады. Ай сайын 5-не дейін күніне 100 астық тасымалдағышқа өтінім келіп түседі, айдың екінші онкүндігінен бастап өтінімдер саны күніне 1200 астық тасымалдағышқа дейін артады.

М.Жамбылов тасымалдаудың сапалы жоспарлануы жылжымалы құрамды тиімді пайдалануды қамтамасыз ететінін атап өтті. Осыған байланысты келісім-шарттық қатынастарда вагондардың нормадан тыс кідірістері мен жылжымалы құрамды қамтамасыз етпегені үшін өзара қаржылық жауапкершілікті қарастыру қажет.

М.Жамбыловтың хабарлағандай, астық Өзбекстанға бекітілген кестеге сай жүретін шаттл-пойыздармен жеткізілетін болады. Жүктер алдын ала кіреге алынған кемелермен немесе «Take or pay» (дәйекті рейстер) шарттарымен, яғни кестеде белгіленген мерзімде вагондармен жүк тасымалдаумен, жеткізілетін болады. Өткен жылы мұндай жұмыс механизмі Ақтау портында вагондардың, кемелердің айналымын және терминалдың көп жүктілігін едәуір жақсартуға мүмкіндік берді.

Құрық паром кешенінің, жаңа Ахалкалаки – Карс – Мерсин теміржол желісінің ашылуы осы бағытта жүк ағынын, соның ішінде Түркияға, Италияға астық экспорттауды ұлғайтты.

Жаңа астықты тасымалдауды ұйымдастыру мәселесі Қостанай мен Қарағандыда да талқыланды.

Поделиться:
Популярные новости
22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

22 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

7 / 30.05.2026

Көкшетау локомотив депосында жұмысшылардың еңбек және демалыс жағдайлары жақсарды

Көкшетау станциясында локомотивтерге техникалық қызмет көрсету цехын, әкімшілі...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер