«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС жаңа қызметкерлер үшін Welcome-тренинг өткізді
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған ...
Жаңа егіннің астығын өз уақытында тасу және жеткізуді қамтамасыз ету үшін іс әрекеттерді үйлестіру мәселелері Ақмола облысы әкімдігінде «ҚТЖ» ҰК АҚ өкілдерінің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста талқыланды.
Ақмолалық ауылшаруашылық өндірушілерінің өнімі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан және Иранға жөнелтіледі.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының маркетинг және тасымалды біріктірілген жоспарлау бойынша орынбасары Сағындық Жұмабаевтың айтуынша, астықты дер кезінде тасымалмен қамтамасыз етуге әсер ететін басты мәселелердің бірі – вагондар айналымын ұлғайту. Тұрып қалу себептері – жүк алушылар, кеден және карантин қызметі іс әрекеттерінің келісілмегендігінде болып отыр. Орташа есеппен Ақмола өңіріндегі кіре беріс жолдарда әр вагон белгіленген мерзімнен жоғары мерзім – 15 сағатқа дейін тұрады. Соның нәтижесінде тиеу ресурсынан айрылу тәулігіне 112 вагонды немесе айына 3 мыңнан астам вагонды құрайды.
Көп жағдайда элеваторлар демалыс күндері жұмыс істемейді немесе өз қызметіне тарифті көтереді, осылайша демалыс күндері вагондардың тұрып қалуы артады. Ендігі жерде демалыс күндері жұмыс ұйымдастырылмақ.
«Жүк жөнелтушілер, трейдерлер және басқа да мүдделі тұлғалардың күшімен вагондардың тұрып қалуын азайтуға қол жеткізу керек», - деді С. Жұмабаев.
Астық нарығының қатысушыларына астықты Ауғанстанға Түрікменстан аумағы арқылы жеткізудің баламалы бағдары ұсынылды. Бұл айналымды қысқартып, жылжымалы құрамды 2-2,5 есеге жылдам қайтаруға мүмкіндік береді. Қостанай-Болашақ-Серхетабад(Түрікменстан) бағдарының ұзындығы 3500-ден астам км-ді құрайды.
Отандық ауылшаруашылық өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін шетел мемлекеттеріне тасымалдың жеңілдікті тарифтік шарттары енгізілді. Ауғанстан мен Иранға бағыт алатын астық пен ұн үшін тариф шарттары бар.
«Өзбекстан темір жолы мен арада жүктерді Ауғанстанға тасымалдауда әр вагонға және вагон жууға қолданылатын қосымша алымды алып тастау туралы уағдаластық бар»-деп мәлімдеді С. Жұмабаев.
Теміржолшылар баламалы нұсқа ретінде астықты контейнерлермен тасымалдауды ұсынуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлік сервисті қарқынды түрде дамыту үстінде. Экспортқа шығарылатын қазақстандық тауарлар тасымалы үшін контейнерлерге сұраныс артуда. «Казцинк» ЖШС түрлі-түсті металын жөнелту үшін ауыр тонналы контейнерлерді қолданып отыр.
Жүктерді контейнермен тасымалдау деңгейін арттыру бойынша шаралар Қазақстан арқылы Азия мен Еуропа аралығындағы транзиттік тасымалды ұлғайтпақ. Еліміздің аумағы арқылы Қытай мен Еуропа, Түркия, Орталық Азия елдері/Ауғанстан, Парсы шығанағы елдері арасында контейнерлік ағын өсуде.
Контейнерлік сервис көліктік-логистикалық қызмет сапасы мен жүк ағындарының теңгерімділігін қамтамасыз етпек.
«ҚТЖ»ҰК»АҚ желілері бойынша 2018 жылдың басынан бері 7 млн тоннаға жуық астық тиелген, бұл 2017 жылдың деңгейінен 46%-ға артық. Экспортқа 5,3 млн тонна жөнелтіліп, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,9 есеге көп болды.
2018 жылдың қаңтар айынан тамыз айына дейін ұн мен тартылған ұн өнімдерінің тасымалы артты. 2,1 млн тонна ұн тиелген, бұл жоспардан 7%-ға, ал өткен жыл көрсеткішінен 2%-ға көп. Экспорттық бағытта 1,6 млн тонна ұн тасымалданып, былтырғы көлемнен 2%-ға өскен.
Жалпы алғанда биыл 10 млн тоннаға жуық дәнді және майлы дақылдар тасымалданбақ. Тасымалдың жоспарланған көлемі өткен жыл көрсеткішінен 10%-ға артық шығып отыр. Республикаішілік болсын, экспорт бағытында да тиеудің негізгі өңірлері – Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары болып отыр.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметі«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС компаниясында жаңа қызметкерлерге арналған Welcome-тренинг сәтті өтті. Бұл тренинг жаңа қызметкерлердің ұжымғ...
Достық - Мойынты теміржол учаскесінің инфрақұрылымында құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда. 2025 жылғы қаңтар айының үшінші онкүндігінде Мойынты ...
27-12-2024 Маркетингтік 2024-2025 жылдары астық тасымалдау көлемінің тұрақты өсу үрдісі байқалады. Желтоқсанның 26 күнінде астық тиеу 1,1 млн т...