Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
ТЕМІР ЖОЛДА КӨМІР ТАСЫМАЛЫНА МӨЛШЕРЛЕМЕ КӨТЕРІЛМЕЙДІ
1521 / 28.08.2018 12:31

ТЕМІР ЖОЛДА КӨМІР ТАСЫМАЛЫНА МӨЛШЕРЛЕМЕ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

2018 жылдың басынан бері «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілері бойынша 65 млн тоннадан астам көмір тиелген. Бұл ретте: республика ішілік қатынаста 45,1 млн тоннадан астамы тасымалданған, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 0,4%-ға артық, тұтынушылардың коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктеріне – 5,5 млн тонна көмір тасымалданып, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 12%-ға көп болды.

2018 жылдың соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, соның ішінде тұтынушылар үшін – 71,9 млн тонна, бұл 2017 жылдағы тасымал көлемінен 3,5%-ға жоғары.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да аталып отырған жүк көлемін тасымалдауға жылжымалы құрам саны қажетті деңгейде жеткілікті. Әр түрлі жеке меншік иелерінен 54 мыңға жуық ашық вагон жұмылдырылды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалы үшін 9 мыңға жуық ашық вагон қолданылуда.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бастамасымен көмір тасымалы көлемін жыл бойына біркелкі бөлу және күзгі-қысқы кезеңдегі жүктемені азайту мақсатында көмір өндірушілердің қатысуымен облыс әкімдіктерінде отырыстар өткізілді. Облыс әкімдіктері мен көмір өндірушілер көмір тасымалы көлемін қайта бөлу бойынша міндеттемелер алды. Соның нәтижесінде коммуналдық-тұрмыстық көмір тасымалының көлемі 31%-ға артты. Сонымен қатар көмір жүгін жөнелтушілермен де отырыстар өткізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін тасымал көлемін орындау бойынша талап-тілек хаттамасы толтырылды, бұл ретте «ҚТЖ» ҰК» АҚ вагон парктерін басқару операцияларын жүргізу үшін қойылатын мөлшерлеме көтерілмейтініне кепілдік береді.

Компанияда көмір тасымалы бойынша штаб құрылып, жүк жөнелтушілер өтінімін қанағаттандыру, сонымен қатар вагондар айналымын орындау бойынша тәуліктік бақылау қойылды. ТЭЦ және ГРЭС қоймаларындағы қатты отын қоры қалдықтарына, сондай-ақ халықта көмірдің бар-жоқтығына тәуліктік мониторинг жүргізілуде.

Поделиться:
Популярные новости
19 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

20 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

68 / 19.05.2026

11 пайдалану локомотив депосы жаңа техника алды

2026 жылдың басынан бастап ҚТЖ локомотив паркі 72 Жаңа тарту техникасымен толықтыр�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер