Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Тек қана алға!
1494 / 25.08.2018 16:59

Тек қана алға!

Жарқын, позитивті, жігерлі, өз ісінің нағыз маманы - теміржолшы теміржолшы-әріптестері «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның Жүк және коммерциялық жұмыстар департаментінің менеджері Елена Сатыбалдинаны осылай сипаттайды. Теміржолға 17 жасында келген бойжеткен өз таңдауына ешқашан өкінбеді және 30 жыл бойы кәсібіне адал болып қалды.
«Менің өмірім - темір жол, әрдайым алға ұмтылу!», - деді Елена күлімсіреп.
Елена Маратовнаның әкесі Қиыр Шығыстағы Теміржол көлігі институтын бітіріп, вагон депосының бас инженері болып жұмыс істеді. Ол қызы үш жасқа толған кезде ол қайғылы оқиғадан қайтыс болды. Өзінің жасөспірім шағында ол әкесінің жолын жалғастыруға шешім қабылдады. Ол алдымен Алматыдағы теміржол техникумын, одан кейін Алматы теміржол көлігі институтын бітірді. Алматы-2 станциясында мамандығының қыр-сырын түсіне бастады, онда контейнерлік алаңның, жүк ауласының, кірме жолдардың қабылдап-өткізушісі, пойыз қабылдаушысы болып жұмыс істеді. Содан кейін Теміржол басқармасында контейнерлік тасымалдаулардың жаңа бөлімшесі ашылды, онда оны жетекші инженер ретінде жұмысқа шақырды.
1998 жылы жас астананы бағындыруға келген алдыңғы қатарлы теміржолшылармен бірге, отбасымен Астанаға көшіп келді.
- Қала көз алдымызда өсіп, жаңа астананың қалыптасуына өзіміздің атсалысуымызды сезіндік», - дейді Елена. Алдымен, жас маманды контейнерлік тасымалдау бөліміне шақырды. Кейінірек Елена Маратовна жетекші инженер, сыртқы түйісулер жұмысы бойынша бөлім бастығының орынбасары лауазымдарын атқарды.
- Әр мансаптық кезеңде менің алдымнан тәжірибелі тәлімгерлер, адал достар, кәсіби әріптестер шығады. Біздің ұжым өте тату, олармен бірге жұмыс істеу де, тынығу да жағымды. Мен үнемі жұмысқа қуана барамын», - дейді ол.
Темір жол біздің кейіпкеріміздің жеке өміріне де әсер етті. Болашақ жолдасы, «Жол және жол шаруашылығы» кафедрасының оқытушысымен Елена институтта танысты. Ерлі-зайыптылар қазіргі таңда екі қыз тәрбиелеп отыр.
Елена Маратовна әрқашан белсенді өмірлік ұстанымымен ерекшеленетін: станцияда комсомол ұйымының хатшысы, техникумда - басқа елдердің теміржол техникумдарымен тәжірибе алмасу бойынша Халықаралық достық клубының ұйымдастырушысы болды. Ол сондай-ақ белсенді демалысты жөн көреді, ол интерьер дизайнымен айналысады және саяхаттауға тырысады. Қазірдің өзінде Сингапур, Вьетнам, Таиланд, Қытай, Түркия, БАӘ-нде болып қайтты және барлық Азия елдерін дерлік аралады.
Оны шын көңілімізден мерейтойымен құттықтаймыз және мықты денсаулық, береке және барлық бастамаларына табыс тілейміз!

Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

124 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер