Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Өз жолын тапты
1264 / 24.08.2018 11:05

Өз жолын тапты

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ-ның өндірістік-техникалық даму департаментінің 1-ші деңгейлі бас менеджері Госман Тәженов үшін теміржол өмірге жолдама болды. Ол қиын, бірақ сүйікті жұмысына өз өмірінің 40 жылын арнады, жанкешті еңбегі мен нық сенімділігінің арқасында бедел мен құрметке ие болды.
Госман Қуандықұлы кәсіби өсудің барлық деңгейінен өтті, әрбір кезеңде оның алдына қойылған тапсырмаларды сәтті шеше білді. «Адал еңбегі үшін» медальімен марапатталды. Көпжылдық адал еңбегі үшін осы жылы оған саланың жоғарғы марапаты - «Құрметті теміржолшы» белгісін табыстады.
Ол Целиноград қаласында дүниеге келген. Ата-анасы автокөлік саласында еңбек етті. Бала кезінен бастап әкесі ұлына еңбекке деген сүйіспеншілікті үйретті. Мектепте оқып жүрген жылдарындағы демалыс кезінде Госман Қуандықұлы онымен бірге жұмыс істеді, техникаларды зерделеді, инженер мамандығының негізін меңгерді. Мектеп біріргеннен кейін Госман Тәженов өзінің тағдырын көлікпен байланыстырып, міндетті түрде Алматыда оқуға шешім қабылдады. Оның арманы орындалды. Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын бітірді.
Диплом алған соң, туған қаласына оралды. Еңбек жолын Целиноград станциясында бастады. Станция кезекшісі, пойыз диспетчері болып жұмыс істеді.
- Теміржолшылардың жұмысы оңай емес. Онда бір романтика, сондай-ақ үлкен жауапкершілік бар. Бұл жолды таңдағандардың әрбірі ортақ іске өз  үлесін қосады, - дейді ол.
1985 жылы КСРО-да кең танымалдылыққа ие «Огонек» апта сайынғы иллюстрациялық журналының жаңа жылдық шығарылымында Госман Тәженовтың суреті КСРО-ның үздік поезд диспетчері ретінде үлкен тиражбен жарық көрді.
- Бұл бүкіл Целиноград жол бөлімшесінің еңбегі болды. Сол жылдары біз алғашқы ауыр салмақты пойыздарды сәтті тасымалдадық, жаз мезгілінде 22 технологиялық «терезе» өткіздік, - деді Госман Тәженов.
1983 жылы ол марапатқа ие болды, және оны қаншама жылдар  өтсе де ең құнды деп мақтан тұтады. Ай сайынғы жоспарды орындаған жас диспетчерге еңбек кітапшасына тиісті жазбаны енгізумен 10 рубль мөлшерінде сыйақы берілген болатын.
1986 жылы оны Арқалық станциясы бастығының орынбасары етіп тағайындады, онда ол 4 жылдан астам уақыт жұмыс істеп, кейін Сороковая станциясының бастығы болды, онда 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеді.
Осы жылдарда теміржолды дамыту, ұжымдық ұйымшылдық үшін көп нәрсе жасалды. Осында оның көшбасшылық қасиеттері, табысты көшбасшының іскерлік тәсілі, алаңдаушылығы мен келіссөздер жүргізу икемділігі пайда болды. Әрбір табыстың артында теміржолшылардың жұмыс жағдайын жақсарту ниеті болды. Негізгі жұмыс көрсеткіштеріне қол жеткізілді, станция аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ол Арқалық станциясында әлі күнге дейін жұмыс істейтін қызметкерлерге арналған жуыну бөлмесін ашты. Сороковая станциясында оның бастамасы бойынша қоғамдық көліктің екінші маршруты ұйымдастырылды: теміржолшыларға үйлеріне жету және жұмысқа келу жеңілдеді. Жұмысшылардың тұрғын үй мәселесі шешілді. Сороковая станциясы теміржол торабының балалары баратын балабақшаға қамқорлықты өз қолдарына алды. Ұжымда әр мереке тойланады, зейнеткерлер мен жұмысшылардың балаларын да ұмыт қалдырған емес. Оның жетекшілігімен Сороковая станциясына I класс белгіленді.
- Біздің жұмысымызда ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Станция бастығы жұмыс үрдісін бақылап, алынған нәтижені бағалауы керек. Ол барлық шаруашылықтар мен қызметтерінің эксплуатациялық жұмысына, сондай-ақ  маңыздылығы одан кеме емес әлеуметтік жұмыстарға да жауап береді. Станция басшысының рөлі мен жауапкершілігі жыл сайын өсетін болады. Станция басшысы болу үшін барлық даму сатыларынан өту қажет және барлық өндіріс процестерін түсіну үшін ең түбінен бастау керек.
Госман Қуандықұлы Ақмола жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары, ҚР Көлік министрлігінің Көліктік бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша инспекторы болып жұмыс істеді.
- Біздің жұмысымызда ең бастысы - пойыздар қозғалысы қауіпсіздігін, жүктер мен жылжымалы құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол үшін барынша жинақылық, зейін, және әрине өз ісін білу сияқты қасиеттер қажет, - дейді ол.
Бүгінде Госман Қуандықов «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ ОА кәсіподағының төрағасы болып табылады. Ол ұжымның көңіл-күйді біледі, проблемалық сәттерді көреді, кәсіподақ мүшелерін еңбек құқықтарын бірлесіп қорғауға ұйымдастырады және ұжымдық демалыс туралы да ұмытпайды.
Жұбайымен бірге екі ұл өсіріп тәрбиеледі, төрт немересі бар.
Поделиться:
Популярные новости
154 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

285 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

123 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер