Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Қауіпсіздік – әрқайсысымыздың ісіміз
1120 / 24.08.2018 10:52

Қауіпсіздік – әрқайсысымыздың ісіміз

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да жүк вагондары қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мәселесі талқыланды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Қауіпсіздік жөніндегі басқармасы төрағасының орынбасары Марат Шакеновтың төрағалығымен өткен отырысқа Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, Қазақстанның вагон тасымалдаушылары мен операторларының қауымдастығы, «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ, «Қамқор-Вагон» ЖШС және «Қазтеміртранс» АҚ өкілдері және басқа да вагон парктерінің иелері қатысты.
Кездесуді ашқан Марат Шакенов жүк вагондарының қауіпсіздігін арттырудың маңыздылығын атап өтті және қазіргі жағдайда тасымалдау процесіне қатысушылардың теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін бірлесе шешу керек екенін атап өтті.
- Жақында орын алған «Сары-Шаған-Шығанақ» теміржол учаскесінде 2009 жылы «Азовэлектросталь» зауытында вагон жақтауын дайындау кезінде жіберілген құюдағы ақаулардың болуына байланысты жүк пойызының 28-ші вагонының бүйір жақтауының сынуы себепті жүк вагондарының жолдан шығып кетуі жағдайына байланысты болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін шаралар қабылдау қажет», - деді Марат Шакенов.
Кездесудің күн тәртібінде 2009 жылы «Азовэлектросталь» ЖАҚ-да 1291 таңбамен, сондай-ақ 2013 жылы «Кременчугск болат зауыты» КАҚ-да 14 таңбамен шығарылған, бүйір жақтаулармен жабдықталған жүк вагондарын одан әрі пайдалану мәселесі болды.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның вагон шаруашылығы департаментінің бас менеджері Дулат Бектұров атап өткендей, аталмыш зауыттар бүйірлік жақтауларының сынуы бойынша жетекші орындар алады. Қазақстан аумағында 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін сынықтардың жалпы санының ішінде бүйірлік жақтаулардың 85 сыныуы мен тесілуі жіберілген, олардың ішінде бүйір жақтаулар сынығының 33-і «Кременчугск болат зауыты» КАҚ-на, 25-і «Азовэлектросталь» ЖАҚ-на тиісілі.
- Бұдан басқа, ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында эксплуатациялық вагон депосының қызметкерлері жарамсыз 89 бүйірлік жақтауларды анықтады, олардың ішінде 28-і «Кременчугск болат зауыты» КАҚ-ның және 5 бірлік «Азовэлектросталь» ЖАҚ-ның өндірістеріне тиесілі. Осы кезеңде вагондарға жоспарлы жөндеу жұмыстарын  жүргізу кезінде 36000 қайта дефектоскопияланған жақтаулардың 1 412 жарамсыз болып шықты, олардың 125 бұйым Кременчугск болат зауыты» КАҚ-на және 118 - «Азовэлектросталь» ЖАҚ-на тиесілі. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан бүйірлік жақтаулардың сынуы бүгінгі күні де жалғасуда, - деп атап өтті Дулат Бектұров.
Кездесу барысында кездесу қатысушылары Кременчугск болат зауыты» КАҚ мен «Азовэлектросталь» ЖАҚ-ның бүйірлік жақтауларымен жабдықталған жүк вагондарын әрі қарай пайдалану туралы пікірлермен, ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысында толық циклді қамтамасыз ету, сондай-ақ жалпы жүк вагондарының қауіпсіздігін арттыру туралы ұсыныстармен алмасты.
Теміржолшылардың пікірінше, бірінші кезекте және жіті назар аударуды талап ететін мәселелерге вагон құрастырушы өнімдердің сапасы мен сертификатталуы кіреді. Басымдылығы жоғарылардың қатарына бүйірлік жақтаулар өндірісінің сапасына қатысты мәселе жатады.
Сонымен бірге кездесу қатысушылары заңнамалық деңгейде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында белгілі бір кедергілер бар екенін атап өтті.
Кездесудің хаттамалары Қазақстанның вагон тасымалдаушылары мен операторлары қауымдастығына жіберілді.
Поделиться:
Популярные новости
47 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

56 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

124 / 09.04.2024

«Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер суреттерінің онлайн байқауын өткізу тәртібі

1. «Темір жол балалардың көзімен» балалар мен жасөспірімдер талантының онлайн байқауы (бұдан әрі – Байқау) Балаларды қорғау күніне орай ...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер