Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Жылдың басынан бері елордаға өткен жылмен салыстырғанда 50% -ға артық көмір жеткізілді
1112 / 24.08.2018 10:11

Жылдың басынан бері елордаға өткен жылмен салыстырғанда 50% -ға артық көмір жеткізілді

Астана станциясында елорданы қыс мезгілінде коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету мәселесі бойынша бірлескен кеңес өтті. Оған көмір қоймаларының өкілдері, қатты отын жеткізушілері қатысты.
Астана станциясының басшысы Ертас Бейсбеков «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ Астана станциясының кіреберіс жолдарында көмір түсіру технологиялық процесін ұйымдастыру мен сақтау мәселесіне ерекше назар аударып отырғанын атап өтті.
- Жергілікті атқарушы органдардың, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен жүк жөнелтушілермен, жүк алушылармен ай сайын кездесулер өткізілуде. Біз стратегиялық тауарларды уақтылы жеткізу мәселелерін ашық диалогта талқылап жатырмыз», - деді ол.
Оның айтуынша, үстіміздегі жылдың 7 айында Астанаға 154 мың тонна коммуналдық-тұрмыстық көмір түсірілді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 50% - ға көп.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бастамасымен жергілікті атқарушы органдармен көмір қорын уақтылы жинақтау үшін сатып алу жоспарын күзгі-қысқы кезеңнен жазғы уақытқа қайта бөлу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл қажет маусымда дүрбелеңнен құтылуға жол береді.
Ертас Бейсбеков «ҚТЖ» ҰК» АҚ көмір тасымалдауды қамтамасыз ету үшін вагондардың жеткілікті санына ие екендігін және жүк жөнелтушілерді вагондардың бос тұрып қалуын болдырмау мақсатында вагондардың түсіру технологиясын сақтауға және және әртүрлі кірме жолдардағы көмірді түсіру үшін ұсыныстар қарастыруға шақырды.
Өз кезегінде, жүк алушылар қатты отынды жөнелтуде ешқандай проблемалар жоқ екенін атап өтті.
Теміржолшылар тиеу орындарынан көмірдің келу көлемін, көмірді жөнелту, кірме жолдардағы көмір қалдықтары бойынша мониторинг жүргізетін болады. Тиімді тасымалдау үдерісін құру үшін олар жүк жөнелтуге алдын-ала өтініш беруге шақырды.
Жалпы, 2018 жылы 106,5 млн. тонна көмір тасымалдау жоспарланып отыр, оның ішінде тұтынушыларға - 71,9 млн. тонна,  болжанған көлем 2017 жылғы тасымалдау көлемінен 3,5% -ға жоғары.
Ағымдағы жылдың 7 айы аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен 56 млн. тоннадан астам көмір жөнелтілді. Атап айтқанда, 34,4 млн. тоннадан астамы отандық бағытта тасымалданды, бұл 2017 жылға қарағанда 0,6% жоғары. Қазақстан тұтынушыларының коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктері үшін 4,5 млн. тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық.
Поделиться:
Популярные новости
27 / 19.03.2024

ҚТЖ локомотивтері дизельдік отын шығынын 3,3%-ға қысқартты

2023 жылы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС дизельдік отынның үлестік шығынын 2022 жылмен салыстырғанда 3,3%-ға азайтып, 1169 тонна дизельдік оты...

354 / 12.03.2024

ҚТЖ жүк тасымалдау тиімділігін арттыру бойынша Бағдарлама әзірледі

Алматыда жол басқармалары филиалдарының, өңірлік тасымалдауды басқару орталықтарының басшылары, Алматы торабындағы станциялар қызметкерлерінің, ...

56 / 07.03.2024

Құрметті ханымдар!

Сіздерді келе жатқан 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз! Біздің компаниямыздың  кәсіби біліктілігі мен жауапкершіл...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер