Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау жөніндегі штаб құрылды
1478 / 14.08.2018 18:41

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау жөніндегі штаб құрылды

Үстіміздегі жылдың 14 тамызында Үкіметте жылу беру маусымының басталуына дейін көмірді үздіксіз жеткізуді қамтамасыз ету мәселелері бойынша брифинг өтті. Брифингке «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының м.а. Қайрат Саурбаев қатысты.

Қ.Саурбаевтың айтуынша, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да көмір тасымалдау жөніндегі штаб ұйымдастырылды, жүк жөнелтушілердің өтініштерін қамтамасыз ету және бастапқы және соңғы операцияларда вагондардың айналымын орындау бойынша күнделікті бақылау орнатылды. Бұдан басқа, ЖЭС және ГРЭС қоймаларында қатты отын қалдықтарына күн сайынғы мониторинг жүргізіледі.

Барлық облыстық әкімдіктерде тиелім көлемін 3-4 тоқсаннан 2-тоқсанға бөлу мәселелері бойынша көмір разрездері өкілдерінің қатысуымен кездесулер өткізілді. Тасымалдау көлемдерін айлар бойынша тиімді жоспарлау және біркелкі бөлу алдағы жылыту маусымында қатты отынмен байланысты дүрбелеңнен құтылуға мүмкіндік береді.

«KTZ-Express» АҚ жұмыс жасайтын вагондар паркін көмір разрездеріне бекіту жүргізілді. Осылайша, «Шұбаркөл көмір» разрезіне 3 мың ашық вагон, Қаражыра разрезіне -2 300», ал «Богатырь көмір» разрезінен тасымалдау үшін 2 мыңнан астам ашық вагон тартылды.

2018 жылы 106,5 млн. тонна көмір тасымалдау жоспарлануда, оның ішінде тұтынушылар үшін - 71,9 млн. тонна, бұл 2017 жылғы тасымалдау көлемінен 3,5% -ға артық.

Ағымдағы жылдың 7 айында «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 56 млн. тоннадан астам көмір тиелді. Соның ішінде, республикаішілік хабарлама бойынша 34,4 млн. тоннадан астам көмір тасымалданды, бұл 2017 жылға қарағанда 0,6% жоғары. Қазақстан тұтынушыларының коммуналдық-тұтынушылық қажеттіліктері үшін 4,5 млн. тонна көмір тасымалданды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10% артық.

3 ай (мамыр-шілде) және тамыздың 12 күні ішінде 17,7 млн. тонна көмір жөнелтілді, бұл өткен жылыту маусымының көрсеткішінен 5% артық. Соның ішінде коммуналдық-тұрмыстық көмір өткен жылыту маусымының сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 35%-ға артық тиелді.

«Ұлттық тасымалдаушы ел ішіндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру және әлеуметтік маңызы бар жүктерді жеткізу үшін жеткілікті жылжымалы құрамға ие», - деп атап өтті Қ.Саурбаев.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-нда 54 мыңнан астам ашық вагон, соның ішінде көмір тасымалдау үшін 29 мың ашық вагон іске тартылды. Бұл жарияланған көлемді қамтамасыз ету үшін әбден жеткілікті.

Көліктік құраушы вагондардың меншік иелерінің мөлшерлемелерін мақсатты станциялардағы көмірді сатуға арналған бағамен есепке алмағанда, шамамен 7% құрайды.

Жылыту маусымы қарсаңында көмірді сату нарығында бөлшек сауда бағаларының жасанды өсуі байқалатынын айта кету керек. Ең алдымен, бұл өндірушілер мен көмір өнімдерінің соңғы пайдаланушылары арасында делдалдық компаниялар (дилерлер) бар екендігімен байланысты.

Сонымен бірге, KTZ Express жұмыс жасайтын вагондардағы шұбаркөл көмірінің бір тоннасын тасымалдаудың көлік шығыны құрамдасының құны алдыңғы жылмен салыстырғанда тоннасына 82 теңгеге артып, бір тоннасы үшін 1720 теңгені (2017 жылы тоннасына 1638 теңге) құрады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ баспасөз қызметі

 

Поделиться:
Популярные новости
194 / 16.04.2024

Екібастұз қ. ГРЭС-1 аумағындағы жазатайым оқиға бойынша ақпарат

2024 жылғы 4 сәуірде "Б. Нұржанова атындағы ГРЭС-1" ЖШС кәсіпорнының кірме жолдарында пойыз құрастырушысының өлімімен жазатайым оқиға болды. Бұл...

333 / 15.04.2024

Мұнай өнімдерін т / ж көлікпен тасымалдау-тұрақты бақылауда

2024 жылдың бірінші тоқсанында ҚТЖ желісі бойынша 4,7 млн тоннадан астам мұнай өнімдері тасымалданды, бұл өткен жылдың сәйкес көрсеткішінен 6...

284 / 12.04.2024

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі

Қытай және Орталық Азия елдері бағытында теміржол көлігімен экспорттық тасымалдаудың өсуі 2024 жылдың алғашқы үш айында көршілес Қытай бағыт...

Соңғы жаңалықтар

Горячая линия

Вы можете сообщить о любых нарушениях Кодекса поведения в том числе о фактах коррупции, мошенничества, неэтичного поведения, дискриминации

Толығырақ


Серіктестер