Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Теміржолшыларға арналған спорт мерекесі
1762 / 06.08.2018 18:00

Теміржолшыларға арналған спорт мерекесі

 «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ теміржолшылары Көлік қызметкерлері күнін көңілді, белсенді және денсаулыққа пайдамен атап өтті. ЖТ кәсіподақ комитеті Астана қаласының маңындағы мәдениет және демалыс саябағында қызметкерлер мен олардың балалары үшін спорттық-сауықтыру мерекесін ұйымдастырды.

- Барлықтарыңызға жарыстарда табыс және сәттілік тілеймін, және бізде жоғары өндірістік көрсеткіштер көрсететін ғана емес, сондай-ақ өздерін спортта да көрсете алатын талантты қызметкерлер жұмыс істейтініне күмәнім жоқ, - деп «ҚТЖ - жүк тасымалы» АҚ техникалық қызмет көрсету және дамыту жөніндегі бас директоры орынбасарының м.а. Әділжан Исмұхамбетов әріптестерімен амандасты. Қоғамның бірінші басшысының атынан барлықтарын кәсіби мерекемен құттықтап, теміржолшылар мен олардың отбасыларына денсаулық пен бақыт тіледі.

- Таза ауадағы белсенді ойындар ұжымның ауызбіршілігіне көмектеседі, командалық рухты қалыптастырады және көңіл-күйді көтереді. Сол себепті биыл осындай форматтағы мерекені таңдау туралы шешім қабылданды, - дейді «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Өндірістік-техникалық департаментінің бас менеджері және ЖТ орталық аппараты кәсіподақ комитетінің төрағасы Госман Тәженов.

Мұнда әркім әртүрлі жарыстарда дәлдік, күш және ептілік бойынша өзін-өзі сынап көре алады. Әртүрлі бөлімдердің әріптестері жағажай волейболы мен футболы ойыны үшін командаларға бірікті.

- Біз бір-бірімізді жұмыс жағдайында көріп үйреніп қалдық, ал мұндай қызықты іс-шараларда әркім өздерінің спорттық таланттарын көрсете алады, жұмыс күндерінен үзіліс жасап, естелік сыйлықтарға ие болады», - деген ойымен ұйымдастырушылардың бірі, Тасымалдау үрдісін үйлестіру департаментінің бас менеджері Ольга Суздарева бөлісті.

Ең мергендері найзашалар лақтырумен жарысып жатқанда, көршілес интеллектуалды күрес орын алды: қызметкерлер шахмат, дойбы және нард ойындарын ойнады.

Барлық ойындардың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады, қатысушылар естелік сыйлықтар алды, түрлі номинациялар бойынша алғыс хаттар мен сыйлықтар берілді.

 

Поделиться:
Популярные новости
11 / 16.07.2026

ПРЕСС-РЕЛИЗ

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-де Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының не�...

283 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

66 / 04.06.2026

Пресс-релиз

2026 жылғы 4 маусым Астана қ. ҚТЖ ТЭ33А тепловоздар паркінің 92%-дан астамын Trip Optimizer ж�...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер