Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 6 үй, 7 қабат, блок А
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Адал еңбегі үшін
2455 / 03.08.2018 20:50

Адал еңбегі үшін

Көптеген жылдар бойы теміржол көлігінде адал еңбек еткені үшін Павлодар эксплуатациялық локомотив депосының тепловоз жүргізушісі Мұрат Ахтанов «Құрметті теміржолшы» белгісімен марапатталды.

Марапат оған Көлік қызметкерлері күні қарсаңында табыстады.

Мұрат Ахтанов темір жолда 38 жыл жұмыс істейді. Ұжымда оның көлік саласына сіңірген еңбегі мен көп жылдық адал еңбегін атап өтті. Ол туралы әріптестері білгір маман, өз саласының кәсіпқойы ретінде пікір білдіреді.

Мұрат жастардың тәлімгері, ол машинист көмекшілерін дайындайды.

2014 жылы Маралды станциясында маневрлік жұмыс кезінде локомотивтегі салқындатқыш сұйықтықтың жылытылуы артты. Мұрат Ахтанов негізгі желдеткіштің беріліс қорабының бұзылуын анықтап қана қоймай, сонымен қатар оны жойды, және бұл пойыздардың кестесінің бұзылуына жол бермеді.

- Біздің депомыздың мақтануға болатын нәрселері бар. Мұнда өз ісінің шеберлері, бүтін бір еңбек әулеттері жұмыс істейді. Теміржолшылардың алдыңғы шеберлігін, тәжірбиесін, кәсібіне деген махаббатын буыны жас ұрпаққа қалдырады.

Адал жұмыс істеу - табыстың құрамдас бөліктерінің бірі, - дейді Мұрат.

Жұмыстағы табыстары үшін Мұрат Ахтанов «Локомотив» АҚ филиалының Павлодар эксплуатациялық локомотив депосы директорының Алғыс хатымен марапатталды.

 

Поделиться:
Популярные новости
13 / 05.06.2026

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартакиадаға дайындалуда

Жеңіске темір ерік: "ҚТЖ – Жүк тасымалы" командасы алтынға ие болды және спартаки...

25 / 01.06.2026

Пресс-релиз

**Астана қаласы** Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің спорт кеше�...

29 / 01.06.2026

Пресс-релиз

Балаларды қорғау халықаралық күні қарсаңында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Ақтөбе қа...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер