Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Байланыстырушы тізбек
2489 /

Байланыстырушы тізбек

Бір жыл бұрын темір жол картасында Астана-Нұрлы Жол жаңа жолаушылар станциясы пайда болды.

Елорданың оң жағалауында көрнекті инфрақұрылымдық ғимарат: Астана - Нұрлы жол станциясы бірегей вокзал ғимараты орын алды. Бұл ТМД-ның ең ірі темір жол станцияларының бірі. Станция елорданы еліміздің барлық өңірлерімен байланыстырушы тізбекке айналды.

Мұнда жолаушылар пойыздарын сапарға уақтылы қабылдау және жөнелту, қалыптастыру және дайындау бойынша жұмыстар жүзеге асырылады. Станция сыныптан тыс тұйық типті болып табылады. Онда алты жолдан тұратын жолаушылар және сегіз жолдан тұратын жаңа техникалық екі парк бар. Жаздың аяғына дейін тағы бір - тоғызыншы жол пайдалануға беріледі.

Жылдың басынан бері Астана-Нұрлы жол станциясы бойынша Қарағанды, Павлодар, Көкшетау және Қостанай бағыттары бойынша 54 жұп поезд жүреді. Жолаушылар ағыны тәулігіне 17 мыңнан астам адамды құрайды. Сонымен қатар станцияның өткізу қабілеті тәулігіне 35 мың жолаушыны құрайды.

- Станция мен вокзал тәулік бойы жұмыс істейді. Жолаушылардың өздерін вокзалда жайлы және ыңғайлы сезінуі үшін керемет жағдайлар жасалған. Біздің станцияда жұмыс істеу беделді және жауапты. Станция қызметкерлері үйлесімді және тату жұмыс істейді, жоспарланған мақсаттарды орындау үшін бар күш-жігерлерін салады. Пойыз қозғалысының қауіпсіздігі әрбір қызметкерге байланысты, процесті орындаудың сенімділігі біздің ұжымның біліктілігі мен кәсіби деңгейіне байланысты», - дейді Астанада-Нұрлы жол станциясының бастығы Самат Құрбанов.

Станцияда күрделі технологиялық операциялар заманауи технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі. Жолаушылар құрамын жоғары сапалы тексеру, жөндеу, сапарға жабдықтау және дайындалуға қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалды.

Станция толығымен автоматтандырылған. Жолаушылар пойыздарын қабылдау және жөнелту және маневрлік жұмыстар жүргізу кезінде бағыттамалық бұрмаларды басқару үшін Астана-Нұрлы станциясы бойынша бұрмалар мен бағдаршамдардың микропроцессорлық орталықтандыру құрылғысы (МОҚ) енгізілді. Станцияның едендік инфрақұрылымын басқару үшін EBILOCK-950 жүйесінің аралық релесі жоқ 121029-ТМП үлгілік материалдары бойынша объектілік контроллерлер қолданылады

- Аталмыш жүйе жолдардағы қозғалыс қауіпсіздігін бірнеше есе арттыруға, сондай-ақ процестердің сапасын, жылдамдығын және дәлдігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді станцияның ТҚКБ басшысы Қайрат Шаяхметов.

Оның айтуынша, станциядағы жұмыс қызықты, зейін қоюды, әріптестермен тіл табысуды талап етеді.

- Әрбір қызметкер қауіпсіздікті арттыру, қызмет сапасын және жылдамдығын қамтамасыз ету процесіне қатысады, сондықтан олар өздерінің іс-әрекетінің толық жауапкершілігін түсінеді, - дейді ол.

Станцияда жұмысшылардың көпшілігі бірнеше ұрпақтан келе жатқан теміржолшылар әулетінің өкілдері болып табылады. Олардың арасында «Астана-Нұрлы жол» бекетінің кезекшісі Гүлмира Ысқақова. Ол темір жолда 17 жыл, осы лауазымда - 7 жыл жұмыс істейді. Мансаптық өсудің барлық кезеңдерін өтті, техникалық кеңсенің операторы, кезекшінің көмекшісі, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша инженер болып жұмыс істеді.

- Қауіпсіздік тек машинисттер, қозғалышшылар, жолшылар, электрмеханиктер, байланысшылар, энергетиктерге ғана емес, сондай-ақ станцияның кезекшілеріне де байланысты. Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ережелерді сақтап, нұсқауларды орындау қажет. Менің жұмысымда тәртіпті және мұқият болу маңызды. Жылдамдық пен тәжірибе, шыдамдылық және қызметкерлермен қарым-қатынас жасау қабілеті маңызды, - дейді ол.

Осы мамандықты таңдағаныңызға өкінбейсізбе деген сұраққа: «Жұмыс қызықты. Мен онсыз өмірімді елестете алмаймын» деп жауап берді.

Станцияда өз тағдырын темір жолмен байланыстырып, оған адал әрі жауапкершілікпен қызмет ететін барлық қызметкерлердің үйлесімді жұмысының арқасында, барлығы тәртіппен жүргізіледі.

Поделиться:
Популярные новости
2 / 15.07.2025

Вагон шаруашылығы қызметкерлері күні Илецк станциясында аталып өтті

Илецк станциясындағы вагондарды техникалық қарап-тексеру пунктінің базасында теміржолшылар «Үздік вагон қараушы» байқауын өткізді, о...

9 / 14.07.2025

Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалының ДОЛБ ғимаратының күрделі жөндеуі аяқталды

Еңбек жағдайларын жақсартуға арналған жоспарлы іс-шаралар аясында Бейнеу станциясындағы ТЧЭ-6 Маңғыстау филиалына қарасты локомотив қауіпсіздігі...

7 / 14.07.2025

Ақтөбеде «ҚТЖ – Жүк тасымалы» қызметкерлері ISO 19011 бойынша тәуекел-менеджмент пен ішкі аудитті меңгерді

2025 жылғы 9–11 шілде аралығында Ақтөбе қаласында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС филиалдары мен Орталық аппаратының қызметкерл...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер