«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
Соңғы онжылдықта цифрлық технологиялар әрбір адамның өмір салтын өзгертіп, олардың әсері жыл сайын күшейе түсуде. Инновациялар теміржолға да енуде. Олар темiржол көлiгiнiң клиентке бағдарлылығын және оның жұмысының тиiмдiлiгiн арттырады. ҚТЖ-да цифрландырудың есебінен адам факторының ықпалын қысқарту, құжат айналымының көлемін азайту, сенімділік пен жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру күтілуде.
«Сандық теміржол» бағдарламасының аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да барлық құрылымдық бөлімшелерден, оның ішінде бесеуі «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-нан 18 жоба жүзеге асырылуда. Атқарылып жатқан жұмыстар туралы «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның интеграциялық жоспарлау және ақпараттандыру жөніндегі вице-президентінің м.а. Сағындық Жұмабаев айтып берді.
- Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында теміржолдық жүкқұжат көлеміндегі электрондық деректермен алмасу жүзеге асырылды. Осындай жұмыстардың басқа мемлекеттермен жүргізілуі жоспарда бар ма?
- Заң тұрғысынан маңыздылығы бар тасымалданатын және коммерциялық құжаттарды пайдалана отырып, өтпелі ақпараттық технологиялардың негізінде электрондық деректер алмасуды ұйымдастыру және қағазсыз құжат айналымын енгізу республика ішіндегі және халықаралық қатынастардағы тасымалдаулардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың басым жобаларының бірі болып табылады.
Бүгінгі күні Қытай, Беларусия, Германия, Моңғолия, Польша және Ресей темір жолдары арасында Қытай-Еуропа қатынасындағы контейнерлік пойыздарды ұйымдастыру бойынша ынтымақтастықты тереңдету туралы Келісімге қол қойылды. Осы Келісім шеңберінде ақпараттық өзара әрекеттесу жоспары әзірленді.
2012 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен ҚХР Теміржол министрлігі арасында Электрондық деректермен алмасу туралы келісім жасалды. Министрліктің реформалануы және «Қытай темір жолдары» корпорациясының қалыптасуына байланысты құжатқа өзгерістер енгізу қажет болды.
Қазақстан тарапынан Келісімнің жаңа жобасы дайындалды, қытайлық әріптестерімен ақпараттық алмасуды ұйымдастыру жөніндегі техникалық шешімдер келісілді, жұмыс комиссиясы құрылды, осы жылдың аяғына дейін электронды деректерді алмастыруды бастау жоспарланған іс-шаралар жоспары әзірленді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Әзірбайжан темір жолымен электрондық мәліметтер алмасуды бастау жоспарланып отыр. Осындай жұмыстарды Қырғызстанмен ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
- Теміржол клиенттерін қанағаттандыру үшін қандай жаңа технологиялар енгізілуде?
- Біздің алдымызда жүктердің уақтылы жеткізілуін қамтамасыз ету, олардың қауіпсіздігі, қағазсыз тасымалдау процедурасына көшу, шекараларды кесіп өту рәсімін жеңілдету үшін мемлекеттік органдармен және басқа теміржол әкімшіліктерімен электронды деректермен алмасу міндеттері тұр.
Клиенттерге бағдарлану деңгейін арттыру шеңберінде жүктерді онлайн-қадағалау қызметі жүзеге асырылды. Жүйе жүктердің уақытында жеткізілуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қағазсыз тасымалдау процедураларына көшуге және мемлекеттік органдармен және басқа теміржол әкімшіліктері арасында электронды деректермен алмасуға мүмкіндік береді.
Жүктердің қауіпсіздігін және бақылауын қамтамасыз етуде өткен жылдан бастап контейнерлерге электронды құлыптар орнату жақсы көмек болды. Бұл жүктерге рұқсатсыз кіру жағдайларын жойды.
Қазіргі уақытта 24000 сыртқы клиент қосылған «Келісімшарттық және коммерциялық жұмыс» жүйесі жүктерді тасымалдауға өтінімдерді қағазсыз беруге толығымен мүмкіндік берді. Жүйе ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің серверімен интеграциялануымен ыңғайлы, соның арқасында электронды транзит декларациясын алдын-ала ұсынып, бірегей сәйкестендіру нөмірін (БСН) алуға болады.
Жүк жөнелтушілер жаңа жүйенің артықшылықтарын жоғары бағалады, себебі АБЖ үйден шықпай, жүктерді тасымалдау бойынша қызметтерді пайдалануға мүмкіндік берді. Тек Интернетке қосылу жеткілікті.
- Локомотивтерді цифрландыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берсеңіз.
- Бүгінгі күні «Энергодиспетчерлік тартым» автоматтандырылған басқару жүйесі» (ЭДТ АБЖ) енгізілді, бұл «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның орталық диспетчерлік қызметіне нақты уақыт режимінде барлық деректерді жіберумен, дизель отынын және электр энергиясын тұтынуды бақылауға мүмкіндік береді. Аталмыш бақылау аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның барлық жүйесі цифрландырылды, машинисттер маршрутын электронды жүргізуге ауыстыру жүзеге асырылды.
Сондай-ақ, «ТЭ33А сериялы жүк локомотивтеріне арналған ТRIP OPTIMIZER сандық жүйесі» жобасы іске асырылуда. Жобаның мақсаты пойыз құрамындағы локомотивтің тиімді жұмыс істеуіне қол жеткізу, пойыздар қозғалысы кестесін ұтымды жоспарлау және орындау, локомотив бригадасына пойызды «круиз-бақылау» режимінде жүргізу кезінде көмек көрсету, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу болып табылады. Жоба отын шығынын 5% -ға азайтуға, зиянды шығарындылардың деңгейін 3-17% -ға төмендетуге, пойыздардың қозғалыс кестесін сақтау үшін пойызды оңтайлы жүргізуге, жүктерді жеткізу жылдамдығын арттыруға бағытталған.
2018-2020 жылдары «Пойыз қозғалысының болжау (нұсқа) кестесін әзірлеудің автоматтандырылған жүйесі» жобасын енгізу жоспарланып отыр.
Бұл жүйені енгізу кестелер құру бойынша жұмыстарды жетілдіруге, есептеулердің жеделдігі мен дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл автоматты жүйенің мақсаты, ең алдымен, қолмен жұмыс күшін қысқарту есеббінен тасымалдау процесінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ пойыздардың қозғалысын жоспарлау жүйесін жетілдіру болып табылады. Жаңа жүйе пойыздар ағынының барлық рұқсатнама шарттары мен белгіленген параметрлерін есепке ала отырып, пойыздар қозғалысының энергия оңтайлы болжамды (нұсқалық) және ситуациялық кестесін құруды автоматтандыруға бағытталған. Бұдан басқа, бұл жүйе локомотив қауына кестелерді жіберумен «терезелерді» ұсынуды автоматтандыруды жоспарлауды, болжалды (нұсқалық) қозғалыс кестесін орындауды талдауды автоматтандыруды қамтиды.
Аталмыш жүйенің ЭДТ АЖБ жүйесімен нақты уақыт режимінде біріктірілуі есебінен пойыздың жөнелтілуі, келуі және жүру жолы туралы ақпарат келіп түсетін болады, бұл өз кезегінде адам факторы мен пойыздың жүріс уақыты туралы ақпаратты қолмен енгізуді жоюға және сенімді ақпаратты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
2017 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін электронды құлыптар орнатылды, бұл жүру жолында жүктердің жағдайын бақылауды қамтамасыз етеді. Бұл контейнерлерде тасымалданатын жүктерге рұқсатсыз кіру жағдайларын болдырмауға мүмкіндік берді.
Жоғарыда аталған жүйелерді біріктіру арқылы, клиентпен мәлімделген жылдамдыққа қол жеткізу, жүк жеткізу уақытын жылдамдату және дәл болжау, сондай-ақ кестенің құндық бағалауын «тармағын» анықтау жоспарлануда.
Жүк жөнелтушілерге жүк тиеу туралы өтінімнен бастап пойыздар қозғалысы кестесіндегі «тармаққа» дейінгі жүк тасымалдаудың барлық процесін автоматтандыру жоспарланып отыр, бұл өз кезегінде жүк тасымалдаудың тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан теміржолшысы» газеті
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...