Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
Арман қала
1316 / 05.07.2018 15:31

Арман қала

«ҚТЖ - Жүк тасымалдау» АҚ-ның техникалық саясат жөніндегі вице-президенті, «Құрметті теміржолшы» белгісінің иегері Иван Костыря - астананың Алматыдан Астанаға көшірілуінің куәгері ғана емес, сондай-ақ қазіргі заманғы Қазақстан тарихындағы осы ауқымды шараның тікелей қатысушысы.

Барлығы Иван Костыряның астананың Алматыдан Астанаға ауыстырылуы кезінде жолаушылар қозғалысының машинисті болып жұмыс істеген кезде басталды, және министрліктер мен ведомстволардың алғашқы қызметкерлері жаңа астанаға оның құрамымен келді. Ол кезде ол 30 жаста еді. Ал астана мәртебесін алған сәттен бастап 20 жыл өткеннен кейін Астана біздің мемлекетіміздің жарқын тарихында және біздің кейіпкеріміздің өмірінде жаңа беттің символына айналды.

«ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның техникалық саясат жөніндегі вице-президенті тағдырдың бұйрығымен Астананы қалыптастырудың ұлы тарихының бір бөлігі болған сәттерін мақтанышпен еске алады. Ұлы дала астанасы облыс орталығынан жүз мыңдаған қазақстандықтар үшін тартымды орталыққа айнала отырып, оның көз алдында өсіп-дамыды. Қала өсіп келеді, қала құрылысы, жасыл аймақ аяқталған түрге енуде. Қала мәдениетінің дамуы, барлық салалардағы қызмет көрсету сапасының, инфрақұрылым сапасының даму шамасына қарай, Астана тұру және қыдыру үшін барынша жайлы қала болып келеді.

- Астана - әлемнің ең әдемі астаналарының бірі, ең жас және ең жарқын. Елорда мәртебесін алған сәттен бастап 20 жыл өткен соң, Астана мемлекетіміздің жарқын тарихындағы жаңа беттің символына айналды. Мен жас астанадағы сол жағалаудың тарихтың жаңа парақшасы іспеттес жаңадан қалай салынғанын көрдім. Онымен бірге туған темір жолымыз күннен-күнге сенімдірек өсе және бой көтере бастады. Қазақстанның магистралі үшін – бұл 20 жылдық жеңіс, өйткені ол астанамен бірге техникалық прогрестен артта қалмауда, - деп кейіпкеріміз өз ойларымен бөлісті.

Шынымен, теміржол көлігі Қазақстанның қазіргі заманғы экономикасын қалыптастыруда және елордамыздың дамуында маңызды рөл атқарды. Өйткені, республиканың үлкен аумағы, нақты өндірістің көптеген салаларының жүк сыйымдылығы жағдайында бұл көлік түрі, шын мәнінде, еліміздің және бас қаланың өндірістік күштерін біртұтас біріктіретін біздің мемлекеттілігіміздің негізі болып қала береді.

Иван Костыря Астана байырғы тұрғыны емес, алайда оның бүкіл өмірі онымен байланысты. Ол Қарағанды қаласында теміржолшылар отбасында дүниеге келген, теміржол ауданында өсті. Және, әрине, өзін бала кезінен бастап тек магистраль қызметкері ретінде ғана көрді. Мектеп бітіргеннен кейін ол бірден Совет Армиясы қатарына кетіп, қайтып келгеннен кейін Целиноград теміржол көлігі техникалық мектебіне түсті. Кейінірек Қазақ көлік және коммуникация академиясын «локомотивтер» мамандығы бойынша бітірді. Темір жолға 1984 жылы келді. Целинный теміржолының Қарағанды- Сортировочная локомотив депо станциясының жөндеуші слесарьі, көмекші-машинисті, локомотив машинисті, машинист-нұсқаушысы болып жұмыс істеді. Сондай-ақ, әртүрлі жылдарда «Локомотив» АҚ-ның локомотив шаруашылығының департаментінің, қозғалыс қауіпсіздігі департаментінің қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ревизоры, вице-президенті, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қозғалыс қауіпсіздігі, тәуекелдерді басқару және өнеркәсіп қауіпсіздігі департаментінің бастығы болып қызмет атқарды.

Ол машинист болған кезде де, және қазір «ҚТЖ - Жүк тасымалы» АҚ-ның техникалық саясат жөніндегі вице-президенті бола отырып та, Иван Костыря өзін бақытты адаммын деп санайды. Өйткені оның бала кезгі арманы орындалды, ол темір жолмен тығыз байланысты, оның бүге-шігесіне дейін біледі, онымен тыныс алады және өмір сүреді. Сонымен қатар, осының бәрі ол үшін шын мәнінде туғанына айналған, сүйікті қаласында болып жатыр.

Оның көз алдында Астана әртүрлі форумдарды, конгрестерді және халықаралық маңызы бар басқа да іс-шараларды қабылдай отырып, Еуразиялық кеңістіктің орталығына айналды. Елордада үнемі әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының, Астана экономикалық форумының және басқа да халықаралық маңызы бар іс-шараларының съездері өтеді. Мұнда ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті өтті, ШЫҰ және ИЫҰ мерейтойлық саммиттері өтті. 2011 жылдың басында республика астанасы VII қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. 2017 жылы Астанада EXPO-2017 халықаралық көрмесі өтті. Және осы болып жатқанның барлығыда, қалай болғанда да, теміржолмен, «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен байланысты, демек, біздің кейіпкеріміздің де осы маңызды оқиғалардың мыңдаған көрінбейтін қатысушыларының бірі ретінде оларға қатысы бар.

Қазақстанның тұңғыш Президентінің бұйрығымен салынған жаңа астана қысқа уақыт ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болды, жас мемлекеттің тәуелсіздігі мен жаһандық жетістігінің символына айналды. Және Иван Костыря, осы жылдардағыдай, еліміз бен елордамыздың өркендеуі үшін өмір сүріп, жұмыс істей береді.

- Мен Астананың тарихын көргеніме өте қуаныштымын. Жұбайым да, қыздарым да өздерін жергілікті тұрғын ретінде сезінеді. Балаларым астанамен бірге өсті», - дейді Иван Иванович.

Поделиться:
Популярные новости
172 / 27.09.2024

«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»

Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...

720 / 19.09.2024

Санкт-Петербург қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС кызметкерлерін оқытудың 4-модулі бағдарламасының басталуы.

"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...

484 / 13.09.2024

Достық - Мойынты учаскесінде екінші жолдардың ауқымды құрылысы жоғары қарқынмен жалғасуда

Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер