«Еңбектенеміз, жеңеміз, шабыттандырамыз!»
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет...
2018 жылдың 5 шілдесінде Қайрат Әбенұлы Саурбаев «ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ Басқарма төрағасының м.а. - Бас директор лауазымына тағайындалды.
Қайрат Әбенұлы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын «Теміржол көлігіндегі тасымалдау процесін басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек жолын 1984 жылы Целинноград теміржолының Целиноград бөлімшесі жүк ауласының жолдар бойынша кезекшісі лауазымынан бастады.
1992 жылдан бастап «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ жүйесінде әртүрлі басшылық қызметтерді атқарды. Ақмола тасымалдау бөлімшесінің бас инженері, филиал бастығының техникалық жұмыс бойынша орынбасары, «ҚТЖ» ҰК» - «Тасымалдауды басқару орталығы» АҚ филиалының тасымалдау процесін үйлестіру басқармасының бастығы, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Тасымалдау дирекциясының тасмалдауларды жоспарлау және қамтамасыз ету басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
2008 жылдан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Павлодар жол бөлімшесі» филиалының директоры, басқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ – «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры лауазымдарында қызмет атқарды.
«Құрмет» ордені, «Құрметті теміржолшы» белгісімен, нагрудными знаками "Біртұтас Қазақ темір жолына 50 жыл", "Достық - Алашанькоу темір жолдарының түйіскеніне 20 жыл", «Қазақстан темір жолына 110 жыл» төс белгілерімен марапатталды.
2015 жылдың шілдесінен бастап 2016 жылдың мамыр айына дейін «Қазтеміртранс» АҚ-ын, 2016 жылдың мамырынан бастап шілде айына дейін - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Тасымалдау процесі дирекциясын басқарды.
2016 жылдың 1 шілдесінен бастап 2017 жылдың 4 маусымына дейін «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ-ның операциялық қызмет жөніндегі Вице-президентінің міндетін атқарды.
Тағайындалғанға дейін «Қазтеміртранс» АҚ Басқарма Төрағасы (Президенті) лауазымында жұмыс істеді.
Бүгін "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС жедел штабының отырысы салтанатты сәтпен - құрмет грамоталарын тапсырумен аяқталды. "Бас директор В.Петров темір жо...
"ҚТЖ- Жүк тасымалы" ЖШС өзінің қызметкерлері үшін Октябрь кәсіби біліктілік оқу орталығының Санкт-Петербург-Витебск бөлімшесінде оқыту бағдарлам...
Жұмыс кестесіне сәйкес 2024 жылғы 29 қыркүйекте Мойынты станциясы мен бөлек пункттерді жаңғыртумен жұмыс істеп тұрған және жаңа магистральдың ір...