Мекен жайы Астана қ., Қонаев көш., 10 үй, 7 қабат
Call-center 8 (7172) 60-30-30
8 (7172) 60-32-52
«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жыл басынан бері 9,8 % өсті
1490 / 09.07.2018 14:38

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жүк айналымы жыл басынан бері 9,8 % өсті

Биылғы қаңтар маусым аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ желісінде жүк тасымалы, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,2 % жоғарылады. Алты айда жүк айналымы Директорлар кеңесі жоспарлағаннан 6,2 пайыз асыра орындалған. Бұл 2017 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 9,8 пайызға жоғары болды.

Маусым айында жүк тиеу көлемі жоспардағыдан 5,4 пайызға жоғары болса, 2017 жылмен салыстырғанда 7,4 пайыз жоғары болып отыр. Оның ішінде астық тасымалы 777,4 мың тоннаны құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 29,9 пайызға жоғары көрсеткіш. Оның 543,2 мың тоннасы экспортқа шығарылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 44 пайыз жоғары болып отыр.

Жыл басынан бері Қазақстан аумағымен 1861 контейнерлік пойыздар өткен. Қытайдан Еуропаға қарай контейнерлік пойыз өткен жылмен салыстырғанда 1,4 есеге көбейген. Кері қарайғы бағдарға транзиттік тасымал көлемі 1,6 есеге өскен.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі

Поделиться:
Популярные новости
82 / 16.10.2024

Ақмола бөлімшесінде биылғы астықты тасымалдау жоспар бойынша жүріп жатыр

Қазан айында Ақмола жүк тасымалы бөлімшесінің желісі бойынша 216 мың тоннадан астам биылғы астық тасымалданды, оның 84% (180 мың тоннадан ...

72 / 14.10.2024

ҚТЖ еліміздің ЖЭО-на нормативтік Көрсеткіштерден жоғары көмір жеткізді

2024-2025 жылдарғы жылыту маусымына дайындық кезеңінде ел бойынша 29 млн тоннадан астам көмір темір жол көлігімен жеткізілді. Оның ішінде елдің ...

343 / 10.10.2024

Қостанай өңірінде жаңа егіннің астығын үздіксіз тасымалдау үшін барлық шаралар қабылданды

Қостанай жүк тасымалдау бөлімшесі бойынша астықты үздіксіз тасымалдау үшін қосымша маневрлік локомотивтер тартылды және станция қызметкерлерінің...

Соңғы жаңалықтар

Жедел желі

Сіз Мінез-құлық кодексінің кез келген бұзушылықтары туралы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз мінез-құлық, кемсітушілік фактілері туралы хабарлай аласыз.

Толығырақ


Серіктестер